Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Құрметті салықтөлеушілер!

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» № 405-V ҚРЗ Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес 2018 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) бойынша еесептеу (аударылу), ұстап қалу және жарна төлеу жөніндегі міндеттемер, сонымен қатар осындай міндеттемелерді салық есептілігінің нысанда көрсету тек қана жұмыс берушілерде туындайды.

Жұмыс беруші ай сайын аудару нысанынан 1,5% мөлшерінде қорға төлеуге тиісті аудару жарналарын есептеп, келесі кірістерді төлеу айынан кейінгі 25-нен кешіктірмей қорға аударады.

Аударымдарды есептеу үшін қабылдайтын ай сайынғы нысан ҚР «Республикалық бюджеті туралы» Заңымен тиісті қаржылық жылға белгіленген еңбек ақының минималды мөлшерінің он бес еседен аспау керек.

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес (ҚР Еңбек кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексі (Салық кодексі)) жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасып, салық төлеуді және әлеуметтік төлемдерді өндіріп алуды міндетті.

Жұмыс берушілермен, жеке кәсіпкерлермен, жеке нотариустармен, жеке сот орындаушылармен, адвокаттармен, кәсіби медиаторлармен МӘМС-ға аударымдар мен жарналарды төлемеу  (аудармау), уақытында және  (немесе) толық емес төлеу   (уақытында емес және (немесе) толық көлемде емес аудару) түрінде жасалған ҚР МӘМС туралы заңнамасымен қарастырылған МӘМС-ға аударымдар мен жарналар міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті орындамау ҚР «Экімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексініне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарталады.

        


2018-09-28 18:32:45

Сондай-ақ оқыңыз