Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Банкоматтар мен басқа электронды құрылғылар арқылы салық төлеу

Салық төлеушілерге екінші деңгейлі банктермен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін уақытылы орындау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында банк шотының бар болған жағдайда - банкоматтар мен басқа электрондық құрылғылар арқылы бюджетке төлемдерді жүзеге асырылады.

Банкоматтар мен басқа электронды құрылғылар арқылы салық төлеудің ең маңызды артықшылығы – кез келген уақытта және кез келген елді мекенде банктерге келмей, кезектерде тұрмай бюджетке төлемдерді төлеуге қабілетті. Бұл ретте, электрондық қызметтерге екінші деңгейлі банктерде белгіленген тарифтерден әлдеқайда төмен.

2018 жылдың 1 тамызынан бастап, еGov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды. Осыдан ертеректе «электрондық үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін, салықтың үш түрін төлеу ғана қол жетімді болған: яғни бұлар мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы.

Бүгінгі күнде порталда 18 түрлі салықтар бойынша төлеу мүмкіндігі бар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар; жер салығы; ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығы; қосылған құн салығы; акциздер; арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы; экспортқа салынатын рента салығы; ойын бизнесіне салық; тіркелген салық; алымдар; төлемдер; кедендік төлемдер; басқа төлемдер және баждар.

eGov.kz «Электронды үкімет»  порталында салық төлеу бойынша нұсқаулар

eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салықтөлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

 

 

 


2018-09-27 18:28:29

Сондай-ақ оқыңыз