Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Салықтық бақылау

  Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаусалықтық бақылау болып табылады.

        Салықтық бақылау салықтық тексеру нысанында және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

        Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:

- салықтық міндеттеменің, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттердің орындалуын есепке алу;

- бақылау-кассамашиналарын қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;

- акцизделетін тауарларды, сондай-ақ авиациялық отынды, биоотынды және мазутты бақылау;

- трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

- мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;

- Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау;

- тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау жүзеге асырылады.

        Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары шеңберінде:

- салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

- салықтық нысандарды қабылдау;

- камералдық бақылау;

- салықтық мониторинг;

- салықтық зерттеп-қарау;

- этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртінің есепке алынуын бақылау;

- өтініш берушінің этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, сондай-ақ темекі бұйымдарының өндірісі бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау да жүзеге асырылады.

        Уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп камералдық бақылау, салықтық тексеру жүргізудің ерекше тәртібін және өздеріне қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғалар тізбесін айқындайды.

        Салықтық тексеру жүргізудің жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалады.

        Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Салық кодексте айқындалады.

        Кеден органдары өз құзыреті шегінде Салық Кодекске, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуiмен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

 

                                                                               Аңықтама телефоны: 6-55-21.


2018-09-07 10:58:57

Сондай-ақ оқыңыз