Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден тауарларды импорттау кезінде жанама салықтарды төлемеу үшін әкімшілік жауапкершілік

Еуразиялықэкономикалықодаққамүшемемлекеттердiңаумағынантауарларды импорттау кезінде жанама салықтар төленеді: қосылған құн салығы мен акциздер. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі салық саналатын айналымнан 12 пайызды құрайды. Акциздер акцизделетін тауарларды импорттау кезінде төленеді.

Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын төлеушілері болып қосылған құн салығы бойынша тіркеу есепке тұрған тұлғалар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаған тұлғалар, сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлғалар саналады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорттау кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациянысалықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда ұсынуға міндетті.

 Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде жанама салықтарды есептеу мен төлеуге арналған салықтық кезең осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған күнтізбелік ай болып табылады.

Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілдетауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда ұсынады.

Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді.

Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда төлеуге есептелген жанама салықтардың сомасы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкес келуге тиіс.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жанама салықтарды төлемеу, толық төлемеу не уақтылы төлемеу – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады(2018 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш 2 405 тенге).

 


2018-07-10 19:10:14

Сондай-ақ оқыңыз