Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс (мүліктік кіріс)

           Қазақстан Республикасы Кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ (Салық кодексі) 331 бабына сәйкес жеке тұлға мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс мынадай мүлікті өткізген кезде туындайды:

 - меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері;

 - меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу болып табылатын                                 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;

   - меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, гараж салу болып табылатын, 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жер учаскелері және (немесе) жер үлестері.

 Бұл ретте, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
           Сондай-ақ мұрагерлік түрінде, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүлік өткізілген жағдайларда (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда), мүлікті өткізу бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін мүліктің нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

        Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезең үшін кірістер туралы декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады

         Өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құнымен арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. Бұл ретте, мүліктік салық есептеу үшін анықталған құны жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың берген мәліметі бағалау құны болып табылады

          Мүліктік табыс алған кезде салық төлеуші 10% мөлшерінде жеке табыс салығына дербес түрде есептеу өткізеді және 240.00 нысаны бойынша  тұрғылықты жері бойынша декларация тапсыратынын қосымша хабарлаймыз.Бұл декларация келесі есептік кезеңнің жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырылады. Төлем декларация тапсырылғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей төленуі тиіс.  


2018-05-22 09:42:25

Сондай-ақ оқыңыз