Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

      Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал,өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қойылуы тиіс, егер айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төменгі мөлшерінен асып түскен жағдайда  (ең төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерін құрайды, 2018 жылда  АЕК 2405 тенге, сонымен 2018 жылда ең төменгі айналым мөлшері – 72 150 000  тенге).

         Айналым мөлшері  өсу қорытындысы бойынша:

резидент емес солар арқылы  Қазақстан  Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер, -  әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күнінен бастап;

салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар,- мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне койылған күнінен бастап;

ағымдағы күнтізбелік жылда салық органының шешімі негізінде қосылған күн салығы бойынша тіркеу есебінен алынған салық төлеушілер – мемлекеттік кірістер органының шешімі негізінде қосылған күн салығы бойынша тіркеу есебінен алынған  күннен кейінгі күннен бастап;

        басқа салық төлеушілер – ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айкындалады. 

        Егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары

үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып

кеткен жағдайда қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар орналасқан жеріндегі мемлекеттік кірістер органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.  

        Салықтық өтініш айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі

туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей мына

тәсілдердің бірімен:

      1) өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште;

      2) электрондық нысанда беріледі.

 

 

 

        Салықтық өтінішті электрондық нысанда беру туралы ереже тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.

         Ерікті түрде құн салығын төлеуші болып келесі әдістермен тіркелуге болады:

-           «Салық төлеуші кабинетінде» қосылған құн салығы бойынша

 тіркеу есебіне қою Өтініштерді беру;

         -   «Электрондық үкімет» порталында заңды тұлға мемлекеттік тіркеу кезінде;

         -   Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мемлекеттік кірістер органына келу тәртібімен  өтініштерді беру.

      ҚҚС бойынша тұлғалар тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін электрондық түрінде қызметті берушінің лауазымды тұлғаның ЭСҚ расталған «Салық төлеуші кабинетіне» жолданады.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға құқығы жоқ:

-        Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар;

-        Мемлекеттік мекемелер;

-        Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместер;

-        Тұлғалардың тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын қызметі бойынша;

-         Резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері.


2018-05-05 10:58:23

Сондай-ақ оқыңыз