Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерінбелгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 546-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақсу қаласы  аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін қосымшаға сәйкес тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат хатшысы                                  М. Омарғалиев

 

Ақсу қаласы  аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

 

Рет

Салық салу объектісініңатауы

Тіркелген салықтың ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

7.

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты  қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде  орналасқан айырбастау пункті

10


2018-05-04 16:35:33

Сондай-ақ оқыңыз