Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Салық төлеушімен (салық агентімен) салықтық есеп беруді ұсынуды тоқтату (ұзарту, жаңғырту) тәртібі

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініштің негізінде мыналарға құқығы бар:

салықтық есеп беруді ұсынуды тоқтатуға;

салықтық есеп беруді ұсынуды тоқтатудың мерзімін ұзартуға;

салықтық есеп беруді ұсынуды жаңғыртуға, егер өзгеше көзделмесе.

Салық төлеуші (салық агенті) өзінің тұрған жері бойынша салық органына:

қызметті тоқтату немесе жаңғырту немесе салықтық есеп беруді ұсынуды тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда салықтық өтініштіұсынады.

Салықтық өтініш мыналарға ұсынылады:

қызметті тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда алдағы кезеңге;

қызметті жаңғырту немесе салықтық есеп беруді ұсынуды тоқтату мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда қызметті тоқтату мерзімі аяқталғанға дейін;

қызметті тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтату күніне дейінгі салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық есеп беруді.

Егер кезекті салықтық есеп беруді ұсыну мерзімі салықтық өтінішті ұсынғаннан кейін басталатын жағдай болса, онда осындай есеп беруді ұсыну салықтық өтінішті ұсыну күніне дейін жүргізіледі;

қосылған құнға салықты төлеуші болып табылатын салық төлеушімен (салық агентімен) қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда осындай есептен шығару мақсатында қосылған құнға салық бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.

Салықтық есеп беруді ұсынуды тоқтатудың жалпы мерзімі оны ұзартуды есепке алумен талап қою мерзімінен асып кетпеуі тиіс. Мерзімін ұзартужалпы мерзімді есепке ала отырып салықтық өтініште көрсетілген кезеңге жүзеге асырылады.

Салық органы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салықтық есеп беруді ұсынуды тоқтатуды (ұзартуды, жаңғыртуды) немесе салықтық есеп беруді ұсынуды тоқтатудан бас тартуды жүргізуге міндетті.

Тоқтату (ұзарту, жаңғырту) туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурстарында осындай шешімді қабылдағаннан күннен кешіктірмей жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезеңге салықтық есеп беруді ұсынбау үшін негіз болып табылады.

Салықтық есеп беруді ұсынуды тоқтатудан бас тарту салық төлеушіде (салық агентінде) мыналар бар болған жағдайда қабылданады:

өтінішті берген күнге салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек;

мыналарды:

талап қою мерзімін есепке алумен салықтық есеп беруді;

қосылған құнға салық бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті;

салық органында әрекет етпейтін деп тану фактісін;

салық органымен жіберілген орындалмағанхабарламаларды ұсынбау фактісі болғанда.

Салықтық есеп беруді ұсынуды тоқтатудан бас тартқан жағдайда салықтық есеп беру белгіленген тәртіпте ұсынылады.

Салық төлеушімен (салық агентімен) қызметті тоқтатқан кезеңде оны жаңғырту фактілері салық органымен анықталған жағдайда салық органдары көрсетілген тұлғаларды хабарламай-ақ қызметті жаңғыртқан күннен бастап салықтық есеп беруді ұсынуды тоқтату мерзімі тоқтатылған деп таниды.

Қызметті жаңғырту үшін салықтарды, бюджетке төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу бойынша міндеттемелердің пайда болуына әкеліп соқтыратын қызметті тоқтатқан салық төлеушімен (салық агентімен) жүзеге асыра бастау танылады.

Ереже мыналарға қолданылмайды:

бірыңғай жер салығы негізінде арнайы салықтық тәртіпті қолданатын жеке кәсіпкерлерге, патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін;

ойын бизнесіне салық төлеушіге;

ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін және ауылшаруашылық кооперативтері үшін арнайы салықтық тәртіпті қолданатын салық төлеушіге;

арнайы салықтық тәртіпті қолданатын жеке кәсіпкерлерді қоспағанда тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі бар салық төлеушіге (салық агентіне);

мүлікке, көлік құралына салықтар және жер салығы бойынша, жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемдер бойынша салықтық есеп беруді ұсыну тәртібі мен мерзімі.


2018-05-02 14:38:03

Сондай-ақ оқыңыз