Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктері

 

 

2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI  «Салық және бюджетке төленентін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республика кодексінің 93 бапқа сәйкес мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде (3 жыл бойы):

салықтық есептілікті ұсынбаған;

экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;

егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының 12 еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын,сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;

қосылған құн салығын толеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

2)  күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;

жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;

әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-занды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады.

Осы талаптар:

1)  Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын;

2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналган келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

Салық органдары жыл сайын:

1) талаптарына сәйкес келетін субъектілердің бастапқы тізбесін 1 наурыздан кешіктірмей қалыптастырады;

2)  мынадай мәліметтерді:

сәйкестендіру нөмірін (ол болган жагдайда);

салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

жеке тұлганыц тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты

куәландыратын құжатта корсетілсе) не субъектінің атауын;

субъектінің орналасқан жеріндегі салық органының атауын;

кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайын көрсете отырып, мәжбүрлі түрде таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылған тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 сәуірден кешіктірмей орналастырады;

3) субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей, мәліметтер алу үшін:

екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын үйымдарга - төлемдер және (немесе) ақша

аударымдары туралы;

уәкілетті мемлекеттік органдарға - мүліктің, көлік құралдарының, жер

учаскелерінің бар-жоғы туралы;

әділет органдарына - сәйкестендіру номірлерініц ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді.

Қойылатын наразылықтардыц қүқыққа сыйымдылыгын растайтын қүжаттар қоса берілген, кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдық 1 маусымына дейін қабылдайды.

Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруга, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі көрсетілген мәліметтер алынган және кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

Салық органдары тізбеге қосылган субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап қою арыздарын сотқа күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жібереді.


2018-04-13 18:45:10

Сондай-ақ оқыңыз