Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жеке тұлғалардың мүлік салығын,жер және көлік, құралдарына салық төлушілер балып табылмайтын тұлғалар.

 

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы  № 120- IV ҚРЗ526 бабының 2 бөліміне сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

-кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер – меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде;

-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы
9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер – меншік құқығындағы барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 500 еселенген мөлшері шегінде;

-жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салықты салық органдары осы Кодекстің 532-бабына сәйкес есептейтін тұрғынжайларды және басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.

     Осы баптың 2-тармағы 2) және 3) тармақшаларының ережелері пайдалануға немесе мүліктік жалдауға (жалға) берілген салық салу объектілері бойынша қолданылмайды.

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы  № 120- IV ҚРЗ 498 бабының 3 бөліміне сәйкес жер салығын төлеушілер болып табылмайды:

-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң, мүгедек балалардың ата-анасының бipeуi, жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

тұрғын-үй қоры, оның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

үй маңындағы жер учаскелерi;

құрылыс алып жатқан жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскелерi;

гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

-«Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар:

тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

-жеке тұратын зейнеткерлер:

тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

 үй маңындағы жер учаскелерi бойынша.

     Осы Кодекстің мақсаттары үшін заңды мекенжайы (олардың тұратын жерінің мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер жеке тұратын зейнеткерлер теп танылады.

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы  № 120- IV ҚРЗ 490 бабының 3 бөліміне сәйкес көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылмайды:

-Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және  жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;

-меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер –салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2) және 4) тармақшаларының ережелері осындай көлік құралдары пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды.

- Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) және
6) тармақшаларының ережелері осындай тармақшалардың ережелерін қолдану құқығы бар жеке тұлғаның оларда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына-жатпайтынына қарамастан, салықтық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.

- Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) және
6) тармақшаларының ережелерін қолдануға құқығы бар адамның меншік құқығында салықтық кезең ішінде бірнеше автокөлік құралы болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы барынша көп автокөлік құралдарының біреуіне қатысты қолданылады.

 

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

 

 

 

 

 


2018-04-10 10:30:29

Сондай-ақ оқыңыз