Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Құрметті салықтөлеушілер!

                Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» № 405-V ҚРЗ Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес 2018 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) бойынша еесептеу (аударылу), ұстап қалу және жарна төлеу жөніндегі міндеттемер, сонымен қатар осындай міндеттемелерді «Жеке кіріс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларация» 200.00 нысанда көрсету тек қана жұмыс берушілерде туындайды.

         Жұмыс беруші ай сайын аудару нысанынан 1,5% мөлшерінде қорға төлеуге тиісті аудару жарналарын есептеп, келесі кірістерді төлеу айынан кейінгі 25-нен кешіктірмей қорға аударады.

         Аударымдарды есептеу үшін қабылдайтын ай сайынғы нысан ҚР «Республикалық бюджеті туралы» Заңымен тиісті қаржылық жылға белгіленген еңбек ақының минималды мөлшерінің он бес еседен аспау керек.

         Жұмыс берушілермен, жеке кәсіпкерлермен, жеке нотариустармен, жеке сот орындаушылармен, адвокаттармен, кәсіби медиаторлармен МӘМС-ға аударымдар мен жарналарды төлемеу  (аудармау), уақытында және  (немесе) толық емес төлеу   (уақытында емес және (немесе) толық көлемде емес аудару) түрінде жасалған ҚР МӘМС туралы заңнамасымен қарастырылған МӘМС-ға аударымдар мен жарналар міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті орындамау ҚР «Экімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 92-1 бабына сәйкес ескертуге тартылады.

         Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осындай әрекет қайталанған жағдайда  МӘМС-ға аударымдар мен жарналар төленбеген (аударылмаған), уақытында және (немесе) толық көлемде емес төленге (аударылған) соманың жиырма пайызы жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларға, адвокаттарға, кіші салық кәсіпкерлер субъектілеріне  немесе комерциялық емес ұйымдарға, ал отыз пайыз орта кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайыз көлемінде айыппұл салынады.

         МӘМС төлемді екінші деңгейдегі банктер арқылы және «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы келесі реквизиттермен жүргізуге болады: Алушы НАО «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы», бенефициардың БСН 160440007161, ИИК  KZ92009MEDS3686091036  БИК GCVPKZ2A, КНП 121 – міндетті элеуметтік сақтандыруға аударымдар, КНП 123 – міндетті әлеуметтік сақтандыруға аударымдарды уақытында аудармаған үшін өсім.

         Туындаған сұрақтармен Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына, тел. 8(71837) 6-19-63 хабарласуға болады.


2018-02-01 09:43:09

Сондай-ақ оқыңыз