Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Көлік құралдарына салынатын салық!

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы салықтар төлеу бойынша міндеттемені мезгілінде және көлемінде орындау міндеті туралы Сізге ескертеді. Солай, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке өзге де міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 369-бабы 3- тармағына сәйкес, ағымдағы жыл ішінде көлік құралдарына салықтар төлеу мерзімі 2017 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Және, Салық Кодексінің 610- бабы 3-тармағына сәйкес, салықты мезгілінде төлемеген жағдайда,тәлем мерзімін өткізіп алудың әр бір күні үшін ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 мөлшерінде өсімпұл (салықтарды мезгілінде төлемегені үшін айыппұл санкциясы) есептеледі.

Бұдан басқа, бүгінгі күні ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасымен көлік құралдарына салық төлемеген борышкерлер бойынша салық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу үшін талаи арыздар әзірленіп сотқа жолданады. Және, борышкерлер бойынша мәліметтер уәкілетті органдарға тапсырылып, осыған байланысты Қазақстан республикасынан шетке шығу шектеледі,көлік кұралы айып тұрагына жіберіледі.

Мемлекеттік кірістер Басқармасы ағымдағы және өткен жылдардың көлік құралдарына салық берешегін (болған жағдайда) мезгілінде және толық көлемінде төлеулеріңізді сұрайды.

 

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тел.65114


2017-11-28 10:37:54

Сондай-ақ оқыңыз