Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал,өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қойылуы тиіс, егер айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төменгі мөлшерінен асып түскен жағдайда  (ең төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерін құрайды, 2017 жылда  АЕК 2269 тенге, сонымен 2017 жылда ең төменгі айналым мөлшері – 68 070 000  тенге).

         Айналым мөлшері  өсу қорытындысы бойынша:

резидент емес солар арқылы  Қазақстан  Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер, -  әділет органдарында мемлекеттік             (есептік) тіркелген күнінен бастап;

салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар,- мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне койылған күнінен бастап;

ағымдағы күнтізбелік жылда салық органының шешімі негізінде қосылған күн салығы бойынша тіркеу есебінен алынған салық төлеушілер – мемлекеттік кірістер органының шешімі негізінде қосылған күн салығы бойынша тіркеу есебінен алынған  күннен кейінгі күннен бастап;

        басқа салық төлеушілер – ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айкындалады. 

2017дың 01 мамырынан қосылған құн салығын төлеуші болып келесі әдістермен тіркелуге болады:

-          «Салық төлеуші кабинетінде» қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою Өтініштерді беру;

-          «Электрондық үкімет» порталында заңды тұлға мемлекеттік тіркеу кезінде;

-          Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою келу тәртібімен  Өтініштерді беру.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1)    Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою – салықтық өтініш табыс етілген күннен бастап  1 (бір) жұмыс күн ішінде;

2)    ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару не (немесе) ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту – салықтық өтініш табыс етілген күннен бастап 5 (бес)  жұмыс күні ішінде;

3)    ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігін ауыстыру – 3 (үш)  жұмыс күні ішінде.

 

Салықтық өтінішімен қоса берілетін растайтың құжаттар тізімінен салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі және салық төлеушінің қалыптасқан ең төменгі салық салу айналымынан асып кетуін растайтын құжаттардың көшірмелері шығарылды.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) не (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін электрондық түрінде қызметті берушінің лауазымды тұлғаның ЭСҚ расталған «Салық төлеуші кабинетіне» жолданады.

ҚҚС бойынша тұлғалар тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.

Қосылған құн салығы бойынша міндетті есепке қоюға жатпайтын тұлға, орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына  келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге құқылы.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;

Мемлекеттік мекемелердің;

Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердің;

Тұлғалардың тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын қызметі бойынша;

Резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің құқығы жоқ.

 

                       Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы


2017-11-08 15:17:43

Сондай-ақ оқыңыз