Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау

 

  Уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.

    Уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша салық органдарының бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі – шешім) уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсатында – уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады.

   Шешім бақылау жүзеге асырыла басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады.                                     Шешiмде көрсетiлген салық органдарының лауазымды адамдары, осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылған өзге де тұлғалар және уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бақылауға қатысушылар болып табылады.     

   Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бақылауды жүзеге асырған кезде салық органдарына бақылау жасау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуына, салық органдары лауазымды адамдарының салық салу объектiлерiн зерттеп-тексеруге кiруiне жәрдем  жасайды.     

   Бақылау жүргiзу мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттiк органға бақылау тағайындау туралы шешiм тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Бақылау тағайындаған салық органы көрсетiлген мерзiмдi елу жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.     

    Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жылына бір реттен жиі жүзеге асырылмайды.     

    Бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды.     

     Салық органының уәкiлеттi мемлекеттiк органға бақылау актiсiнде көрсетiлген соңғысының бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы қағаз жеткізгіште жiберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан әрi – талап) деп танылады. Талап нысанын уәкілетті орган белгiлейдi.     

      Тексерілетін уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысына (бiрiншi басшының орнындағы адамға) бақылау актiсiн табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, талап өз қолын қойғызып не оны жiберу және алу фактісін растайтын өзге тәсiлмен жiберiлуге тиiс.                Талапты уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.     

        Бақылау нәтижесi бойынша анықталған салық берешегi сомаларын өндiрiп алуды салық және бюджетке төленетін басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы үшiн жауапты уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.     

      Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар салық және бюджетке төленетін басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ мәліметтердің салық органдарына дәйекті және уақтылы табыс етілуі үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер баскармасы

 

 

 

 2017 ж 17.10


2017-10-17 08:05:11

Сондай-ақ оқыңыз