Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері.

Хронометраждық зерттеп-тексеру – салықтық тексерісінің бір түрі.

Хронометраждық зерттеп-тексеру - салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру.

Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу туралы шешімді салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген тұрғылықты жерінде және (немесе) салық салу объектісінің тұрғылықты жерінде және (немесе) салық салумен байланысты объектінің тұрғылықты жерінде орналасқан салық органымен шығарылады.

Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін тоқтата алмайды.

  Нұсқамада көрсетiлетiн салықтық тексерулер жүргiзудің мерзiмi, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

  Егер тексерілетін салық төлеуші демалыс және мереке күндері қызметін жүзеге асырса, хронометражды зерттеп-тексерулер жүргізген кезде сол күндер қосылуы мүмкін. Хронометражды зерттеп-тексерулер тәулік мерзіміндегі уақытқа қарамастан салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес жүргізілуі мүмкін.

Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу кезінде салық төлеуші және (немесе) оның өкілі қатысады.

  Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу үшін салық органдары зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті түрде мыналар:

      1) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер. Салық органдарының қажет болғанда салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;

      2) ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-тексерілетін салық салу объектілерімен және (немесе) салық салуға байланысты объектілерімен байланысты өзге де құжаттардың болуы;

      3) бақылау-касса машинасының фискалды есебі зерттеп-тексерілуге тиіс.

Хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу кезінде хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізуші салық органдарының лауазымды адамдары күнделікті хронометраждық-бақылау картасына зерттеп-тексеру барысында алынған мәліметтердің толық және нақты енгізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көзіне бөлек хронометраждық-бақылау картасы жасалады, олар мынадай мәліметтерді:

      1) салық төлеушінің атауын, сәйкестендіру нөмірін және қызмет түрін;

      2) зерттеп-тексеруді жүргізу күнін;

      3) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жерін;

      4) хронометраждық зерттеп-тексерудің басталу және аяқталу уақытын;

      5) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні, өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын;

      6) зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша деректерді;

      7) зерттеп-тексеру нәтижелерін;

      8) басқа да деректерді қамтиды.

  Күнделікті зерттеп-тексеру жүргізілетін күн соңында барлық зерттеп-тексерілетін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.

  Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық зерттеп-тексеру актісіне қоса беріледі.

  Хронометраждық-байқау картасына қажет болған кезде құжаттардың көшірмелері, хронометраждық-бақылау картасында көрсетілген деректерді растайтын зерттеп-тексеру барысында алынған есептер және басқа да материалдар қоса беріледі.

   Салық төлеушілерді хронометраждық зерттеп-тексерудің нәтижелері кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру қорытындысы бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есепке жазу кезінде ескеріледі.

                                 Ақсу қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 19.09

 


2017-09-19 10:06:18

Сондай-ақ оқыңыз