Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу және пайдалану қағидаларын бұзу үшін әкімшілік жауапкершілік

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және Қазақстан Республикасы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, бақылау күшейту мақсатында, 2011 жылдың 01 қаңтарынан алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттар енгізілді.

          Ілеспе жүкқұжаттар (ІЖҚ) енгізу бөлшек сауда жағыңда сатылатын алкоголь өнімін бақылау ретінде бірінші  қадам.

         ІЖҚ этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін жеткізуші Интернет-ресурс («Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы) (бұдан әрі – бағдарлама) арқылы мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде электрондық түрде ресімделеді.          Бағдарлама уәкілетті органның Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады және салық төлеушілердің пайдалануы үшін қол жетімді болып табылады.
         ІЖҚ, уәкілетті органының бағдарламасында жөнелтілгеннен кейін, қағаз тасымалдағышында екі данада басып шығарылады, жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының қолы қойылады және жеткізушінің мөрімен расталады (дара кәсіпкерлер үшін мөр бар болған жағдайда).
       Межелі орнына дейін тасымалдау кезінде этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алып жүру үшін ІЖҚ қағаз тасымалдағышында екі данада тасымалдаушыға (алушының өкіліне) беріледі. ІЖҚ бірінші данасы алышуға тапсырылады, екінші данасына алушы этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін іс жүзінде алған күнін көрсете отырып қол қояды және ІЖҚ тасымалдаушыға (алушының өкілі) қайтарады.
      Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің импорты кезінде алушы этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін іс жүзінде алған күнін көрсете отырып қол қояды.
      ІЖҚ екінші данасы этил спиртінің және алкоголь өнімінің жеткізушісінде сақталады (импорт кезінде ІЖҚ алушыда сақталады).
     ІЖҚ Бағдарламада ІЖҚ алуды дәлелдеу жолымен электрондық түрде алушылар тапсырады.
      Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін алушылар (медициналық және техникалық мақсаттарға этил спиртін алушылардан және этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін экспорттаған кезден басқа) тауарды алғаннан кейін жеткізуші ІЖҚ ресімдеу мерзімінен бастап жиырма бес күнтізбелік күн ішінде ІЖҚ алуды электрондық түрде растайды немесе растамайды.
ІЖҚ-н алуды растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы кезінде бағдарламада автоматты түрде хабарлама құрастырылады( сондықтан 5 жұмыс күн ішінде  салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына келіп түсініктеме беруге тиіс).

Белгіленген толық емес (және) дәйексіз мәліметтермен ІЖҚ ресімдеу, осындау ІЖҚ ресімдеу күніненбастап екі жұмыс күні ішінде жеткізуші (импорт кезінде - алушы) жойылуы тиіс.

         Қағаз жүзіндегі ІЖҚ жеткізушіде және алушыда бес жыл ішінде сақталынады.

 

282-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді жәнеоның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу 

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру және оның айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну қағидаларын, этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөнiндегi декларацияларды, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарынұсынбау; –
      жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 35, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 70, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 100 жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер – жеке тұлғаларға – 50, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 70, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 100, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 200  айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы


2017-07-26 18:10:55

Сондай-ақ оқыңыз