Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласы тұрғындарының назарына!!!

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы кейінгі кездері бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда қаржы пирамидалары туралы жиі жазылып жатқандарына азаматтардың назарларын аударады.

Қазақстан аумағындағы қаржы пирамидалары (соның ішінде шетелдіктер) қазақстандықтардың қаражаттарын «ақшаларыңды салып көп пайда табыңдар» деп жар салып, алдау арқылы пайдаланып кетуде. Бұл компаниялардың бәрі заңсыз. Бұған дейінгі компаниялар халықтың миллиардтаған қаражаттарын «қалталарына басып», жабылып қалып жатыр. Біздің отандастар осындай алдаулардың құбаны болып, банкіден несиелер алып, алтындарын, бағалы заттарын ломбардқа салып, немесе автокөлігін, үйлерін сатып, ақшаларын осы қаржы пирамидаларына салып пайда табамын деп, пайдасы түгіл салған ақшасынан айрылып,«көк тиынсыз» қалып жатыр. 

Әсіресе бір алданған адамның қайтадан тағы алданғанын түсіну қиын. Бұндай азаматтарды, осындай фирмалар жұмысы жүрмей қалған кезде, «сенің салған ақшаңды қайтара алмаймыз, тағы да сондай көлемде ақша салсаң екі есе қайтарамыз» қайтадан қолға түсіреді.

         Мемлекеттік кірістер басқармасы азаматтарға сақ болуды ескертеді, күмән тудыратын қаржы мекемелеріне (немесе азаматтарға) қаражаттарыңызды (ақшаларыңызды) салмаңыздар. Бұл алаяқтық әдістер және Сіздерді ашықтан-ашық алдау!!! Сенім телефоны: 8 (7182) 61-32-81.

 

Ақсу қаласы бойынша Мемлекеттік  кірістер басқармасы


2017-07-01 10:56:58

Сондай-ақ оқыңыз