Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Лицензиялық алым туралы ескерту

Лицензиялық алым туралы ескерту

Ақсу қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада сатуға лицензия  алған тұлғалар тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін төлеуін ескертеді.

Салық кодексімен ағымды жыл 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін белгіленген. Қызмет атқаратын бірінші жыл мерзімі лицензия алған күннен бастап жылдың 31 желтоқсаннына дейін.

Салық кодексінің 471 бабы бойынша алымның мөлшері белгіленген:

- алкоголь өнімін көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға – жыл сайын лицензиялық алым төлеуін 200 АЕК;

- бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға жыл сайын лицензиялық алым төлеуін белгілеу, әкімшілік аумақтық бірлікке қарай сараланған:

  • Ø қалаларда – 100 АЕК (Павлодар қ., Ақсу қ., Екібастуз қ.);
  • Ø кенттерде – 70 АЕК (Ленинский к., Майкаин к., Солнечный к.);
  • Ø ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК.

«Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша туралы» Заңының 15 баптың 3 тармағына сәйкес, жыл сайынғы лицензиялық алым сомасы әрбір қызмет объектісі үшін нақты мекен – жай бойынша төленеді.

 Сәйкес келетің іске асыру түрлеріне берілген лицензия салық салу объектісі болып саналады.

 Заңның 9 бабының 3 тармағы 5 тармақшасына сәйкес жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеусіз алкогольді өнімдерді сақтау және өндіруге тыйым салынады.

Осымен қатар, лицензия болып және жеке қызмет түрлерінен мемлекеттік кірістер басқармасында  тіркелген бірақ алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және бөлшек саудамен айналаспау алымды төлеуден босатпайды.

  Жыл сайынғы лицензиялық алым сомасы төленбеген жағдайда 282 бабының 8 тармағы  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі» бойынша айыппұл және лицензияның қолданысын тоқтата тұруға әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

   Алкогольді өнімдерді сату ісінің болмауынын, және салықтық есептілікті тапсыруды уақытша тоқтатқан кезде лицензия қосымшасының түпнұсқасын лицензиярға (Павлодар бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменты) қосып лицензияны жоюға өтініш тапсыруы қажет.

   Алымның төлеу мерзімі ағымды жылдың 20 шілдесі деп табылады. Егер лицензияны күші жою үшін тапсырса, алымның төленетін мерзіміне дейін (01 қаңтардан 20 шілдеге дейін) алым толық мөлшерінде төленеді.

  Осыған орай, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі» бойынша

әкімшілік жауапкершілікке, лицензиясы  бар, бірақ  2017 жылдың 20 шілдесіне дейін алымды төлемеген салық төлеушілер тартылады.

         Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Салықтық бақылау бөлімі

 

 

 

 

2017 ж 06.21


2017-06-21 18:39:57

Сондай-ақ оқыңыз