Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

МІЖ жоқ мұнайөнімдерінің айналымына жауапкершілік

МІЖ жоқ мұнайөнімдерінің айналымына жауапкершілік

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №138 бұйрығымен «Ілеспе жөнелтпе құжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну ережелері» бекітілген. Осы Қағидалар «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдері базасынан мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту және (немесе) мұнай өнімдерін ішкі тасымалдау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың (бұдан әрі - Өнім берушілер), сондай-ақ мұнай өнімдерін алатын тұлғалардың (импортталатын мұнай өнімін жеткізу орнына дейін тасымалдауды қоспағанда) немесе Өнім берушіге (бұдан әрі - Алушылар) мұнай өнімдерін қайтару кезінде Мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі - МІЖ) ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну тәртібін белгілейді.

  МІЖ ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну тәртібін жеңілдету мақсатында олар толық автоматтандырылған, яғни «Салық төлеушінің кабинеті» интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ресімделеді және адам ықпалына толық тыйым салынған.

МІЖ «Салық төлеушінің кабинеті»  интернет-ресурсы (web-қосымша) арқылы электрондық түрде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ресімделеді. Бағдарлама мұнай өнімдерінің айналымы саласында сату және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) интернет-ресурсында (web-порталы) орналастырылады және салық төлеушілердің қолданысына ғана қолжетімді болады.

МІЖ уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін Өнім беруші қағаз тасығышта екі данада басып шығарады және жеке кәсіпкердің қолымен және мөртабанымен (болған кезде) немесе заңды тұлға басшысының не өзге уәкілетті тұлғаның қолымен және фирмалық немесе мамандандырылған мөртабанымен (МІЖ үшін) расталады.

  Тасымалдаушының (жүкті жөнелтушінің, Алушы өкілінің) аты-жөні, жеке куәлігі мен паспортының сериясы, нөмірі мен күні көрсетіле отырып, қол қойылған қағаз тасығыштағы МІЖ-дің бір данасы Өнім берушіде қалады.

Мұнай өнімін белгіленген орынға дейін жеткізгеннен кейін Мұнай өнімін алушы тасымалдаушыдан МІЖ екінші данасын алады.

МІЖ-ді Алушылар МІЖ және мұнай өнімдерін алғанын растау жолымен электрондық түрде уәкілетті органға ұсынады немесе одан Бағдарламада МІЖ-ді ресімдеген күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде бас тартылады.

   Осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген деректерді толық емес және (немесе) дұрыс емес көрсетіп ресімделген МІЖ-ді Өнім беруші осындай МІЖ ресімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жоюға тиісті.МІЖ жойылған жағдайда Алушыға жолданатын жаңа МІЖ жазып беріледі. Жаңа МІЖ ресімдеу күнін Бағдарлама автоматты түрде береді. Жаңа МІЖ бастапқы МІЖ жойылған күні ресімделеді.

Қол қойылған және мөртабанмен (болған кезде) расталған МІЖ Өнім берушілер мен Алушыларда қағаз тасығышта МІЖ-ді ресімдеу күні бойынша тізілімге тігіледі және бес жыл ішінде сақталады.

  Өнім берушілер мен Алушылардың МІЖ түпнұсқасын жоғалтуына және бүлдіруіне жол берілмейді.

МІЖ-ден бас тарту, оны алғанын растау немесе растамау мерзімі бұзылған жағдайда, Бағдарламада автоматты режимде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес хабарландыру қалыптастырылады.

   Ереже бұзылуына байланысты салық органдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бағдарламадағы МІЖ-ді алуын растамауы немесе растау мерзімін бұзған салық төлеушілерге әкімшілік әсері бар шараларды қолданады.

Сонымен, ҚР ӘҚБ 281 бабының 1 бөлімімен МІЖ реттеудің ережелерін бұзған үшін, және МІЖ-ді ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау жөнінде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу айналымы бойынша айппұл тағайындалады: жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

 

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының салық бақылау 

 

 

 

 

2017 ж 06.01


2017-06-01 18:09:06

Сондай-ақ оқыңыз