Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Жоспардан тыс тақырыптық (рейдттіқ) тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі..

салық органдарындатiркеуесебiнеқою;

бақылау-кассалықмашиналардыңболуы;

төлемкарточкаларынпайдаланаотырып, төлемдердіжүзегеасыруғаарналғанжабдықтың (құрылғының) болуы;

акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы бойынша салықтық тексерулер.

Бұл ретте тақырыптық тексеру бір мезгілде осы тармақшада көрсетілген бірнеше мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін.

      Тақырыптық тексеру құжаттық тексерудін түрі болып саналады.

Салық кодексінің 632 бабына сәйкес, салықтық тексеру қамтитын нұсқама  негіз болып табылады мынадай деректемелермен:

 1) нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірін;

 2) нұсқамашығарғансалықорганыныңатауын;

 3)тексерутүрін;

 4) тексеретінтұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекскесәйкестексеружүргізугетартылғанөзге де мамандардыңлауазымын, тегін, атын, әкесініңатын (оларболғанжағдайда).

 Салық кодексінің 632 бабының 2 тармағына сәйкес, көрсетілген салықтық  тексерулер кезінде салықтөлеушінің (салықагентінің) тегін, атын, әкесініңатын (олболғанжағдайда) не толықатауын;тексеружүргізілетінмерзімді;тексерілетінкезеңді нұсқамада көрсетпейді.

 Нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрімен расталуға тиіс.

 Салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқама берілген күн немесе салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамаға қол қоюдан бас тартуы туралы акт жасалған күн салықтық тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.

 Салық органының салықтық тексеру жүргізуші лауазымды адамдары салық төлеушіге (салық агентіне) өзінің қызмет куәлігін көрсетуге міндетті.

көрсетілген тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін жұмыскеріне танысу үшін нұсқаманың төлнұсқасы ұсынылады және оның көшірмесі тапсырылады. Төлнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін жұмыскерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.

 Салық төлеуші (салық агенті) салық органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда тексеру жүргізетін салық органының қызметкері куәгерлерді (екеуден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акті толтырады. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актіде:

 1) толтырылған орны мен күні;

 2) акт жасаған салық органы лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

 3) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;

 4) нұсқаманың нөмірі, күні, салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

5) нұсқамаға қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетіледі.

 Салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқаманы алудан бас тартуы салықтық тексеру жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.

 Салық төлеушінің салық органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартуы, салық органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге жібермеуді білдіреді.

 Салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамдарын табыстарды алу үшін пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге зерттеп-тексеру үшін жіберуге міндетті.

 Салық органының салықтық тексеру жүргізуші лауазымды адамдарының көрсетілген аумақтарға және (немесе) үй-жайларға (тұрғын үй-жайлардан басқа) кіруіне кедергі жасалған жағдайда, салықтық тексеру жүргізуге салық органының лауазымды адамдарының кіруіне жол берілмегені туралы акт жасалады.

 Салықтық тексеру жүргізуге салық органының лауазымды адамдарының кіруіне жол берілмегені туралы актіге салық органының тексеруді жүргізуші лауазымды адамдары және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды. Көрсетілген актіге қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеуші (салық агенті) бас тартуының себептері туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

 ӘКБтК 288 баптың 3 бөліміне сәйкес, салықтық тексеру жүргізуге мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамдарыныңкіруіне кедергі жасалған жағдайда, қырық айлық есептік көрсеткіш көлемінде  айыппұл салынады (102105 тенге).

 

Ақсу қаласы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы.

 

 

 

 

2017 ж 24.03

 


2017-03-24 12:59:07

Сондай-ақ оқыңыз