Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ЕАЭО мемлекеттердiң аумағынан әкелім тауарлар бойынша салық есеп қисабының ұсынуы тәртібі. Жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критериялары.

ЕАЭО мемлекеттердiң аумағынан әкелім тауарлар бойынша салық есеп қисабының ұсынуы тәртібі. Жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критериялары.

    ЕАЭО мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органына  жанама салықтар жөніндегі декларациясымен (320.00СЕН) бір мезгілде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді) (328.00СЕН) қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда табыс етуге және жанама салықтарды төлеуге  міндетті.

   Салық міндетін есептеу және тауардың әкелім туралы егжей-тегжелі ақпаратты көрсету үшін арналған, өтініш үш бөлімнен және оған қарай қосымшадан  турады:

- салықтөлеуші өтініштің және өтінішке қосымшасының бірінші және үшінші бөлімдерін толтырады, екінші бөлімін – салық ұйымы;

-  түзету, қателіктің тазалауы және былғауларды өтінішті толтыру кезінде жіберуге болмайды;

- Өтініште бейнеуге арналған мәліметтердің болмауында сәйкестік ұяшықтар толтырылмайды;

-  бейнеуге арналған деректер болмауында өтініштің қосымшасы  толтырылмайды.

Салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей импорттың тәртіптемесінде әкелім тауарлардың есепке алу қабылдау ретінде импортшы:

  1. ҚҚС төлейді;
  2. Мемлекеттік кірістер басқармасына салық декларациясын тапсырады.

Салық төлеуші мемлекеттік кірістер басқармасына жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде: қағаз жеткізгіштегі өтініш (төрт данада) (әкелім тауар бойынша ҚҚС төлеуі туралы растайтын банктің үзінді көшірмесін; көлік құжаттары (тауар ілеспелері); шот-фактуралар; тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар) немесе электрондық түрде (құжаттар ұсынылмайды) жолдайды.

Құжаттардың куәландырылған көшірмелері ұсынуы қарастырылған.

Сатып алу тауарлардың құнының негізінде салық базасы қабылдау күніне есептеледі.

Қағаз жеткізгіште жасалған салықтық нысандарға салық төлеуші не оның өкілі қол қоюға немесе салық төлеушінің не оның мөрі бар өкілінің мөрімен куәландырылуға тиіс.

            Электрондық түрде өтініш компьютерлық өндеу ақпаратты жіберетің электрондық таратушысында немесе қабылдау жүйесі және салық есеп-қисабы негізінде жолданады.

            Қабылдау жүйесі және салық есеп-қисабы негізінде жолданатын электрондық түрде өтініш салық төлеушінің электрондық цифралық қолтанбасымен расталады.

            Қағаз жеткізгіште өтінішінде көрсетілген мәліметтер электрондық түрде өтінішінде  көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі болуы қажет.

            Жанама салықтарды төлемеу үшін (ҚҚС және акциздер) әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (2017 жылдың 01.01 жағдайы бойынша): 287 бап 1б.- жеке тұлғаларға – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының 20%, бірақ кемінде 10 АЕК мөлшерінде, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының 30%, бірақ кемінде 20 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының 40%, бірақ кемінде 30 АЕК мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне орындалмаған салық міндеттемесі сомасының 50%, бірақ кемінде 250 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Белгіленген мерзімде мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін ұсынбауы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (2017 жылдың 01.01 жағдайы бойынша):272-бап 1б.- Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде мемлекеттік кіріс органнына салық есептілігін ұсынбауы –ескерту жасауға әкеп соғады;

272-бап 2б.- Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекетті қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – 15, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 45, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 70АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

            Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығымен кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгіленді:

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға, егер:
      1) мұндай тауарлар:
      шикізат;
      тауарларды өндіру үшін арналған, жартылай фабрикаттар;
      жиынтықтаушы бұйымдар болып табылса;
      2) олардың саны мынадай көрсеткіштерден асса:
      киiм және киім заттары – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат;
      төсек-орын керек-жарақтары – бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық;
      кілемдер және басқа еденге жаятын тоқымалар – бiр адамға бiр атаудағы 2 (екi) зат;
      бас киiмдер – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат;
      аяқ киiм – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат;
      ан терісінен жасалған бұйымдар - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;
      былғарыдан жасалған бұйымдар - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;
      дәретханалық керек-жарақтар мен парфюмериялық-косметикалық бұйымдар - бiр адамға бір атаудағы 3 (үш) зат;
      тамақ өнiмдерi – бiр адамға 10 (он) килограмм;
      ұялы телефон – бір адамға 2 (екі) бірлік;
      планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;
      портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 2 (екі) бірлік;
      тұрмыстық техника және электр аспаптары – бiр адамға әр атаудағы 1 (бiр) зат;
      зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;
      велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;
      бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;
      жеке пайдалануға арналған жоғарыда аталмаған басқа да заттар - бiр адамға әрбiр атаудағы 2 (екi) зат;
      3) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның және өту (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспайды.
      2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.
      3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

 

Ақсу қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

 

 

 

 

 

 

2017 ж 20.02


2017-02-20 11:17:37

Сондай-ақ оқыңыз