Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жеке сот орындаушылардың атқарушылық істері бойынша даму институты саласындағы жаңа енгізілімдер.

Жеке сот орындаушылардың атқарушылық істері бойынша даму институты саласындағы жаңа енгізілімдер

   Сот актілерін орындау әділ сот төрелігін жүзеге асырудың соңғы және шешуші сатысы болып табылады және оларды тиімді орындау мемлекеттің құқықтық жүйесін нығайтудың маңызды шарты ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлік құрылымдардың қызметіне, елдің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге оң әсер тигізетін күмәнсіз фактор, сондай-ақ адамдардың жалпы әділ сот төрелігіне және мемлекетке деген сенімінің кепілі болып табылады.

  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27 қадамын өткізу шегінде  2016 жылы 1 қаңтардағы қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

  Бұл Заң атқарушылық істердің реттеуші саласының заңнамасын жетілдіру, жеке сот орындаушыларға борышкерлерге қатысты нақты ықпал жасау механизмдерін беру, атқарушылық қызметі саласындағы жұмыстардың нәтижелілік жоғарту үшін бағытталған.

Қазіргі уақытта, жеке сот орындаушы Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс-жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңындағы құқықтары мен міндеттері нақты регламенттелінген, беректерді өндіріп алу бойынша қызметтерді ұсынатын, нарықта қызметінде бәсекеленетін тұлға.

    Мемлекеттiк сот орындаушысының алдында жеке сот орындаушысының артықшылықтары тиiмдi жұмысқа материалдық мүдделiлiк және сыбайлас жемқорлық көрінісінің жоқтығы болып табылады.
    Сондай-ақ жеке сот орындау институтын енгiзу атқарушылық іс жүргізу органдарын қамтамасыз ету үшін бюджеттiк шығыстардың қысқаруын болжайды, бұл бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкiндiк береді, оны мемлекеттiк сот орындаушылары институтын қамтамасыз ету және қайта жабдықтауға бағыттауға болады.

   «Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазаңындағы Заңымен   «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы»  Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Заңның 141 б., 141-1 б. нормаларында астана және республикалық мәні бар қалаларда, облыстың аумақтық органдарында, жеке сот орындаушысының қызметінің орындауына үміткер болуға, тұлғалардың аттестаттауын өткізуі көзделген.

  Осыған орай, жеке сот орындаушысы қызметін орындауға құқылы үміткер тұлғасы, тағылымдама өткеннен соң жеке сот орындаушысының қызметінің орындауына үміткер болуға тұлғалардың аттестаттауын өткізу тиісті комиссиясына тұрғылықты мекенжайы бойынша өтініш жолдайды, облыстың аумақтық органдары, астана және республикалық мәні бар қалалар арқылы Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнамаларына сәйкес құжаттардың қосымшалауымен оны аттестаттауға рұқсаттама беру туралы.

Одан басқа, алдынғы уақытта  жеке сот орындаушылардың санын көбейту жоспары облысының барлық аудандарын қамтамасыздандырып жеке жос орындаушылар арасында бәсекелестікті тұғызу үшін негізіделген.

  Туындаған сұрақтар бойынша және жеке сот орындаушылардың атқаруына  атқарушылық құжаттарды беру бойынша ақпаратты Павлодар облысы жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасынын (Павлодар қ., 1 Май көшесі, 189, №202 офис, тел. 8/7182/65-48-40) және Павлодар облысы Әділет департаментіне 8/7182/32-46-46 телефоны бойынша алуыңызға болады.

Ақсу қалалық Әділет басқармасының

басшысы А.К. Нұрпейісов, «ҚЗО»

РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 09.01.

 

 

 

 

 

 

 


2017-01-09 15:55:56

Сондай-ақ оқыңыз