Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негізін жаңғырту

Мемлекет басшысы 2017 жылдың 21 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

            Аталған Заң адвокаттың өкілеттіктерін кеңейтуді, сонымен бірге қылмыстық процестің жарыстастық сипатын кеңейту мен арттыруды көздейді.

            Атап айтқанда, адвокаттың анықтамаларды, мінездемелерді, өзге де құжаттарды бүгінгі кездегідей мүмкін заңды тұлғалардан ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден талап етіп алу бойынша өкілеттіктері кеңейді (Қылмыстық-процестік кодекстің 122 бабы – одан әрі ҚПК).

            Жоғарыда көрсетілген Заңда адвокаттың тергеу судьясына тікелей өтінішхатпен жүгіну құқығы қарастырылған. Қолданыстағы ҚПК талаптарына сәйкес қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса, не ол бойынша белгіленген мерзім ішінде шешім қабылданбаса, адвокат тергеу судьясының алдында кез келген мәліметтерді, құжаттарды талап ету, сараптама тағайындау туралы өтінішхат беруге құқылы. Бұл ұсынысты жүзеге асыру үшін ҚПК 70 және 55 баптарына өзгерістер енгізілді.

            Сонымен қатар, жарыстастық қағидасы шеңберінде  күдікті мен оның қорғаушысы өзінің пікірі бойынша, күдіктіні қорғау мүдделерін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызы бар дәлелдемені, уәждемесіне қарамастан, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына бермеуге құқылы.

            Аталған өзгерістер мен ұсынылған жарыстастық институты азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын нығайту шеңберінде, сондай-ақ қылмыстық сот ісін қарау уақытын қысқарту мақсатында тікелей қабылданды.

 


2019-06-17 15:57:51

Сондай-ақ оқыңыз