Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары»

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды.

5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.

6) Қаржылық бақылауды.

7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді.

8) Мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді.

9) Кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын.

10) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді.

11) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды.

12) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды.

13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.


2018-10-22 14:50:38

Сондай-ақ оқыңыз