Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты

Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығымен бекiтілген

қолдану қағидалары

 

Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулығы әдiлет органдарының қолданыстағы заңнамаларда бекітілген әкiмшiлiк құқық бұзушылық айқындау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу, процестік шешiмдерге дау айту және процестік әрекеттерге шағым жасау, орындау, сондай-ақ тиісті iс жүргiзудi ұйымдастыру бойынша нақтылайды.

Нұсқаулық "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне сәйкес әзiрлендi.

Нұсқаулықпен реттелмеген бөлігінде Кодекстің нормаларын басшылыққа алу қажет.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды:

соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша;

әдiлет органдарының қарауына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әділет органдарының соған уәкілетті лауазымды тұлғалары жасайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған тұлға белгіленген кезде, лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы оның жасалу орнында жасайды және тұлғаға көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұлды жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді.

Әділет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды қарау кезінде жеке және заңды тұлғаларға қолданылатын әкiмшiлiк жаза түрі:

әкiмшiлiк айыппұл;

әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;

рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;

қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға өзі жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлдерi, қорғаушы шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтiре алады.

Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшiне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешiктiрмей төлеуге тиiс.

Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама сот орындаушыларына айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде жіберіледі.


2018-04-05 16:52:23

Сондай-ақ оқыңыз