Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулерді рәсімдеу тәртібі.

 

 

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігіне оның негіздеудің, келісудің және мониторингтеудің міндетті рәсімдерін ендіру арқылы қол жеткізіледі.

Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің ісіне, сондай-ақ көрсетілген бірлестіктердің мемлекеттің ісіне заңсыз араласуына және оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді.

Мемлекет жеке кәсіпкерлікті және бәсекелестікті дамыту мақсатында мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесін кәсіпкерлік саласында мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар құруды шектеу арқылы қысқартуға бағытталған шараларды қолданады.

Мемлекет кәсіпкерлік және кәсіби қызметте өзін-өзі реттеуді дамыту үшін мемлекеттік реттеу саласын ондағы ең төмен қажеттілікті негізге ала отырып қысқарту арқылы жағдайлар жасайды.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, олардың заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған орта үшін қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеуі арқылы, оның ішінде:

1) Қазақстан Республикасының заңдары;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері;

6) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері деңгейінде реттегіш құралдар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

Бақылау және қадағалау органдары мынадай:

1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге (объектiге) бару;

2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;

3) тексерiлетiн субъектiнiң сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту әрекеттерінiң бiрiн жасау арқылы жүргiзетiн бақылау және қадағалау нысандарының бiрi тексерiлетiн субъектiнi тексеру болып табылады.

            Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерудiң нәтижелерi бойынша екi данада тексеру нәтижелерi туралы акт жасайды.

Тексеру нәтижелерi туралы актiде:

1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;

2) бақылау және қадағалау органының атауы;

3) негiзге алынып тексеру жүргiзiлген тексерудi тағайындау туралы актінің жасалған күнi мен нөмiрi;

4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;

6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;

7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;

8) тексеру парағының атауы және бұзушылық анықталған талаптардың тармақтары;

9) тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетiледi.

            Тексерудiң нәтижелерi туралы актiге өнiм үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеу, қоршаған орта объектiлерiн зерттеп-қарау туралы актiлер, жүргiзiлген зерттеулердiң (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерiмен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi, олар болған кезде қоса берiледi.

            Тексерiлетiн субъектiде түпнұсқа ретiнде болатын құжаттардың көшiрмелерiн қоспағанда, қосымшаларының көшiрмелерiмен бірге тексерудiң нәтижелерi туралы актiнiң бiр данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау және басқа да iс-қимылдар үшiн заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкiлдерiне тапсырылады.

Бухгалтерлiк және өзге де төлнұсқа құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.

Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы акт тексерiлетiн субъектiге тапсырылған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.


2018-04-04 17:12:39

Сондай-ақ оқыңыз