Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Контрафакт – біздің жау!»

 

Қазақстанның тұтыну нарығында, сондай-ақ жалпы әлем бойынша контрафактілік (жасанды) өнім көлемі ұлғаюда. Адамдардың көпшілігі контрафактінің тигізетін залалын сезбейтіндіктен, сапасыз тауарларды өндірушілердің құрбанына айналады. Контрафактілік өнім түпнұсқа секілді қымбат бағада сатылуы мүмкін және керісінше, сатып алушы үнемдеу мақсатында әдейі арзан жасанды затты сатып алады.

Қазақстанның тұтыну нарығында сапасы төмен, ал кейде қауіпті өнімнің пайда болуы ұлт денсаулығына залал келтіреді және тұтынушылардың өміріне қауіп төндіреді, мемлекеттің экономикасына, ел беделіне елеулі нұқсан келтіреді. Адал ниетті тұтынушылардың қатысуынсыз контрафактілік өнімдерге қарсы күресте табысқа жету мүмкін емес.

Көптеген адамдар азаматтарды контрафактілік өнімнен қорғаумен мемлекеттік органдар өз ынтасы бойынша айналысады деп ойлайды. Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін тауарларға қатысты осылай; ал кез келген жасанды тауарлардың басқа санаттарынан азаматтар қорғалмаған. 

Қазақстандық нарықта танымал әлемдік брендтердің жасанды тауарларының саны көп. Жасанды тауарлар нарыққа әлдеқашан шыққан және бір-бірімен бәсекелес.Компания өзі жеке немесе өзінің өкілі арқылы елдегі мемлекеттік органдарға немесе сотқа жүгіне алады және осыдан кейін құқық иеленушінің арызы бойынша ғана құзырлы органдардың бұзушыларға қарсы әрекеттерді жасау құқығы пайда болады.

Контрафакт (ағылшынша counterfeit - жасанды) — зияткерлік құқықты бұзып, қолда бар түпнұсқа негізінде жасалған жаңа өнім.

Контрафакті түрлері:Бөтен немесе оңай шатастырып алуға болатын барынша ұқсас логотипті пайдалану.Мысалы, Guchі орнына— Guchі. Мұндай жағдайда, жасанды тауарды шығарушылар түпнұсқалық атауды пайдаланбағанын, әрі қатардағы сатып алушы аталған логотиптің нақты қандай екені туралы білмейтіндігін және сатып алу кезінде көмескі таныс суретке сүйенетінін тілге тиек ете отырып, контрафакті фактісін жоққа шығару мүмкіндігіне ие болады; тауардың сыртқы түрін, оның дизайнерлік шешімдерін жасау. Бұл әрлеу заттары, жиһаз, киім, қол сағаттары және т.б. секілді заттар үшін өзекті; мультимедиа-өнімдерін, кітаптар мен компьютерлік бағдарламаларды заңсыз пайдалану – авторлық құқықты бұзу, мысалы, «пиратық дискілер» шығару; патенттелген техникалық шешімдерді заңсыз пайдалану.


2018-04-04 09:35:22

Сондай-ақ оқыңыз