Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ МЕН ҚОЛДАНУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Біздің Отанымыз – байтақ та, бай, сәулетті егеменді ел. Елімізде қаншама ұлт өкілдері тұрады. Әр ұлт өкілдерінің өз ана тілі бар. Әрбір мемлекеттің саясаты тарихына, дәстүрлеріне және ұлттық құндылықтарына сәйкес құрылады.  Тіл – халықтың басты қасиетті байлығы. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен еніп, бойға тарайды. Біз өз тілімізді мақтаныш етіп, алақанымызға аялап ұстағанымыз абзал.

  Егер мәселенің шындығына келсек, қазіргідей әлемдік бәсеке жағдайында барлық жағынан алғанда күшті ұлттар ғана өз мүддесі үшін күресе алады. Күшті ұлт болу үшін күшті мәдениет жасау қажет, ал өзінің толыққанды мемлекеттік тілі жоқ ел ешқашан өзгенің тілімен күшті мәдениет жасай алмайды.

   Мемлекеттік тіл ел тұтастығының да ең басты кепілі. Ол еліміздің халқын біріктіретін, ортақ іске жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп сезіне де алмайды. Себебі, бір-бірінің тілін түсінбеген халықтың бір-бірінің ой-ниеттерін, мақсат- мүдделерін түсінуі де қиын. Егер ұлтты ұлт ретінде ұйытатын тіл десек түрлі халықтарды өзара топтастыратын да олар сөйлесетін, бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тілдің ортақтығы.

  Мемлекеттік тіл – ұлттық болмысымыз бен руханиятымыздың, тәуелсіздігіміздің басты тірегі. Әрине, мемлекеттік тілді өркендету мәселесі бірінші кезекте ұлттық патриотизммен тығыз байланысты болуы керек. Өйткені, ұлт пен тіл егіз ұғым. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамда ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы – сөздік қор, әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.


2017-12-14 10:44:02

Сондай-ақ оқыңыз