Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қалай жеке сот атқарушысы болуға болады?

Қалай жеке сот атқарушысы болуға болады?

 Жеке сот орындаушысының талаптары  Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңымен регламеттелген. Сот орындаушысы болып, жоғары заңгерлік білімі бар,  жеке сот орындаушысының лицензиясын алған және Республикалық палатаға енген жиырма бес жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары  бола алады. 

Жеке сот орындаушысының лицензиясы,  шексіз мерзімге берілетін және Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет ететін  негізгі құжат болып саналады.

   Соттар, өз міндеттерін орындау кезінде теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін лауазымынан босатылған соттардан басқа, сот болып жұмыс істеген, сот лауазымына  біліктілік  емтихан тапсырған  адамдар, оқуды аяқтаған және арнайы магистратурада біліктілік  емтихан тапсырған  адамдар, атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда және оның  аумақтық органдарында екі жылдан кем емес жұмыс істеген адамдар, прокурор, тергеуші лауазымында немесе жедел іздестіру  қызметтерін жүзеге асырғандар немесе қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз еткен,  жұмыс өтілі бар  құқық қорғау органдарында немесе арнайы органдарда бес жылдан кем емес жұмыс  істеген адамдар  аттестаудан және сынақ ісінен өтпей ақ, тек жағымсыз себептер бойынша шығарылғандар адамдардан басқа жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға құқылы.

Жеке сот орындаушысының атқарушы әрекеттері төлем негізінде, қарызгердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жеке сот орындаушысының атқарушылық әрекеттеріне төлем жасау, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысымен бекітілген тарифтер негізінде 3-тен 25% дейінгі мөлшерде өндірілетін сомаға байланысты іске асырылады.

Атқарушылық құжаттар ақшасыз сипаттағы жеке сот орындаушысының төлем мөлшері айлық есептік көрсеткіш 20-дан 100 АЕК мөлшерінде есептеледі.

Барлық сауалдар бойынша Павлодар облысы бойынша әділет Департаментіне Павлодар қ., Ленин көшесі, 18, 106 каб., мекенжайы бойынша, 8 (7182)32-46-46 телефонымен хабарласуға болады.

 

 

Ақсу қалалық Әділет басқармасының

басшысы А.К. Нұрпейісов, «ҚЗО»

РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі

 

 

 

 

2017 ж 02.03 

 


2017-03-02 16:50:15

Сондай-ақ оқыңыз