Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Прокурордың 100 кеңесі» жинағы .

                                                                                    

   Қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудың маңызды шарты азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.

    Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтардың құқықтық санасын арттыру мақсатында материалдардың негізінде «Прокурордың 100 кеңесі» анықтамасын әзірледі.

  Осы әдебиетте күнбе-күнгі өмірде жиі туындайтын сұрақтарға заң тұрғысында жауап беріледі. 

Қолжетімділікті, ең бастысы оның пайдалылығын атап өту қажет, онда әртүрлі құқық қатынастары салаларындағы және өмір жағдайларындағы барынша молпайдалы кеңестер қарапайым түрде қамтылған. Кітап мынадай кеңестермен қамтылған 9 тараудан тұрады: отбасы, бизес үшін, еңбек қатынастары жөнінде, қалай тұрмыстық зорлықтың алдын алу керек, қалай арыз беру керек, өзіңді құқық қорғаушы органдармен және сот органдарында қалай ұстау керек, терроризм және экстремизм туралы не білу қажет.

Мысалы, «біздің отбасымыз үшін 10 кеңес» тарауында егер бала жоғалса не істеу керек, балаларды қылмыстан және айналадағылардың келеңсіз әсерінен қалай қорғау керек,  бала жоғалған кезде қандай іс-шаралар қолдану қажет, кәмелетке толмаған тұлғаға қандай тәрбиелік жағынан ықпал жасау шаралары қолданылуы мүмкін екені туралы ұсынымдар және басқа да өмірге қажет кеңестер берілген.

Осы жинақ тұрғындарға екі тілде Бас прокуратураның сайтында (http:prokuror.gov.kz/rus/advice), 115. kz  порталында және смартфондар үшін (iOS және Android платформаларында) тегін мобильдік қосымша түрінде қолжетімді ұсынылған.

Оның артықшылығы қарапайымдылығында және ыңғайлылығында, үнемділігінде және ұтымдылығында, сондай-ақ тұрғындарды жаппай қамтуында болып табылады.

Кері байланыс көзделуінің маңыздылығы кем емес болып табылады. Азаматтар Бас прокуратураның сайтында тілектерін және өз сұрақтарын қоя алады, онымен редакциялық алқа жұмыс істейтін болады.

Сонымен қоса, жинақтың электрондық нұсқасын әрі қарай дамыту кеңестердің тұрақты жаңартылуына, заңнамалық сілтемелердің белсенділігіне және мемлекеттік сайтаттармен шоғырландыруға арналған. Қосымша заңнамаға арналған белсенді сілтемелермен толықтырылатын болады.

Ұсынылып отырған анықтамалық заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға себепші бола отырып, заңды құқықтарды және жеке бас бостандығын  іске асыру және қорғау кезіндегі іс-әрекетте басшылық болады. 

 

 

 

2016 ж 12.29.


2016-12-08 14:46:42

Сондай-ақ оқыңыз