Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

«Иесіз» мүлік турал

«Иесіз» мүлік туралы

   «PAVON.KZ» ақпараттық порталында «В Аксу чиновники селили в квартиры для сирот других людей» мақаласын жариялауға байланысты келесіні хабарлаймыз.

Рейдттік іс-шараларды өткізу кестесіне сәйкес, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, Ақсу қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша құрылған, құрамында Ақсу қаласының уәкілетті мемлекеттік органдарының, жергілікті полиция қызметінің және прокуратураның өкілдері бар, жұмылдыру тобымен тұрғын үй қорына толық түгендеу жүргізілді.

  Ақсу қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарымен пәтерлерді «иесіз» деп тану туралы талап-арыз беру және оларды коммуналдық меншікке түсіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

   Осылайша, Ақсу қалалық сотының шешімімен 5 пәтер (Дөнентаев көшесі, 13-үй, 4-пәтер – соттың 2017ж.27.03. шешімі; Қамзин көшесі, 26-үй, 82-пәтер – соттың 2017ж.24.03. шешімі; М.Мәметова көшесі 1-үй, 75 «а»-пәтер – соттың 2017ж.23.02. шешімі; 8 Марта 202-үй, 11-пәтер – соттың 2017 ж. 17.03. шешімі; 8 Марта 203-үй, 1-пәтер – соттың 2017 ж. 23.05. шешімі) коммуналдық меншікке қабылданды. Бүгінгі күні «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) осы пәтерлерді әділет органдарында тіркеу жұмысын жүргізуде. «Иесіз» пәтерлерді анықтау және есепке қою жұмысы ерекше бақылауда тұр.

   Қазіргі уақытта Ақсу қалалық сотының өндірісінде пәтерлерді «иесіз» және коммуналдық меншікке түсті деп тану және коммуналдық меншікке түскені туралы әлі 6 талап-арыздары бар.

  Әділет органында «иесіз» ретінде 12 жыл бойы есепте тұрған Астана көшесі, 16-үйдегі «иесіз» 16-пәтерге қатысты Ақсу қалалық сотымен Бөлімнің талап-арыздары бірнеше рет қарастырылмай қалдырылған, өйткені 1993 жылғы 5 қарашадағы өсиет бар.

  Пәтерлерде адамдардың заңсыз тұру фактілері бойынша осы азаматтарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығару бойынша шаралар қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2017 06.13


2017-06-13 15:18:30

Сондай-ақ оқыңыз