Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Назар аударыңыз! «Чек талап етіп жүлде ұтып ал» Акциясы

Назар аударыңыз!

«Чек талап етіп жүлде ұтып ал» Акциясы

 

2017 жылдың 1-мамырынан бастап жалпыреспубликалық «Чек талап етіп жүлде ұтып ал» Акциясы басталды (бұдан әрі – Акция) және аяқталу мерзімі 2017 жылдың 30-қарашасы.

«Wipon» қосымшасы Қазақстандық өнім және оны отандық бағдарламашылар жасаған. Оны тегін көшіріп алып барлық түрлі смартфондар және басқа гаджеттерде қолдануға болады.

Акцияның негізгі мақсаттары;

  - халықтың салықтық сауаттылығын дамыту;

- тұрғындар ақшалай есеп айырысқанда бақылау-кассалық машиналарын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын қоғамда қалыптастыру;

- тауарлардың, жұмыстардың, қызметтің тұтынушылары ретінде  өз мүддесін қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру;

- көлеңкелі экономиканы көлемін азайту;

Акцияға тауар (қызмет) сатып алғанын дәлелдейтін тауар чегін суретке түсіріп алып Wipon мобильді қосымшасы арқылы жіберген Қазақстан азаматтары қатыса алады. Чектің фотосын жіберу керек, бір фотода бір чек қана болу керек, чектің фотосында міндетті түрде ЖСБ/БСН, күні, уақыты, жалпы сомасы, фискалдық белгілер - яғни чекте келесідей жазулардың бірі болу керек: ФП, Ф, F, фискальный, фискальный чек.  

Чектің түпнұсқасын сақтау қажет емес, чектің сомасы 0 теңгеден көп болу керек.

Чектегі күні, яғни тауарды, қызметті сатып алу күні 2017 жылдың                       1-мамырынан ерте болмау керек.

        Wipon қосымшасын өшіріп тастау алдындағы жіберілген чектердің жойылуына әкеп соғады;

Акцияны өткізу кезеңінде оған қатысушыларға Apple App Store және Google Play Market көшіріп алу үшін тегін Wipon iOS үшін (iPhone) және Android мобильдік қосымшасы ұсынылады.

Акция екі кезеңмен өткізіледі: бірінші кезең - облыс республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде, екінші  кезең – республикалық деңгейде.

Ай сайынғы бірінші деңгейдегі ұтыс ойындарында тек қана ағымдағы айдағы чектер қатысады (өткен айдың чектері ойнамайды).

1) Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, соның  ішінде Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде – ай сайын;

2) Республикалық деңгейде ұтыс ойындары 2017 жылдың аяғында өткізіледі.

Гранд финал жылдың соңында Мемлекеттік кірістер комитетінде өткізіледі және онда әртүрлі сыйлықтар ойналады, соның ішінде басты сыйлық (ұтыс) – автомобиль.

Павлодар облысының барлық тұрғындарын Акцияға қатысуға шақырамыз, жүлде ұтыңыздар!!!

Сонымен қатар, Акция туралы ақпарат  Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында орналасқан - www. pvl.kgd.gov.kz.

Қосымша ақпаратты Ақсу қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының келесі телефоны бойынша білуге болады,тел.8/71837/ 65117, 61963

 

Ақсу қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

 

 

 

 

2017 ж 19.05

 


2017-05-19 09:47:51

Сондай-ақ оқыңыз