Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Енді ауыл тұрғындары ЗТМО – ға бармай, зейнеткерлікті рәсімдей алады!

            Алшақ ауылдық округтер тұрғындарына ЗТМО қызметтерін туған ауылдарынан шықпай алу мүмкіндіктері пайда болды. Мұндай мүмкіндік  аудан орталықтарынан алшақ жатқан елді-мекендерге шығатын Мобильді ХҚКО-мен жүзеге асады.

          Нақтырақ айтқанда, «Баланың тууы және баланы күту бойынша жәрдемақы тағайындау», «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылу және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау», «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау», «Әлеуметтік қауіп-қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдерді тағайындау» қызметтерін Мобильді ХҚКО қызметкерлері көрсететін қызметтермен бірге алады. Мобильді ХҚКО әр ауылдық округке айына 2 рет шығады.

 

ХҚКО әкімшілігі

Байланыс телефоны. 8/71837/6-90-60

 


2015-07-14 17:22:36

Сондай-ақ оқыңыз