Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

2019 жылғы қаңтар-маусым ішіндегі Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

1. Экономиканың нақты секторы

         1.1. Өнеркәсіп

         2018 жылғы қаңтар-ақпан ішінде өнеркәсіптік өнім көлемі 80,5 млрд теңгені құрады. НКИ – 98,3 %.

         Өңдіруші өнеркәсіп көлемі 62,4 млрд. теңгені,  НКИ – 96,9% құрады.

         Тау-кең өндіруші өнеркәсіп көлемі 0,092 млрд теңгені, НКИ – 89,0 % құрады.

         Электрмен жабдықтау көлемі – 17,9 млрд. теңгені, НКИ – 110,7 % құрады.

         Сумен жабдықтау көлемі – 0,122 млрд. теңгені, НКИ – 98,5 % құрады.

         Өндіруші өнеркәсіп өнімін шығарудың төмендеуі 2017 жылғы қаңтардан мамыр айына дейінгі кезеңде № 6 негізгі цехтың № 64 пеші штаттық тәртіпте жұмыс істеді, ал 2017 жылғы маусымнан бастап және қазіргі уақытқа дейін пештің тоқтатылуына және осы насан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты. Демек, өндіруші өнеркәсіп өнімін шығару көлемінің төмендеуі барлығы 2018 жылғы бірінші жартыжылдық ішінде күтіледі. 1-ші кезекте енгізу мерзімі 2018 жылға жоспарланған.

         Тау-кен өндіруші өнеркәсібінде көлемнің төмендеуі «РТР» ЖШС және «SPUTNIK GPS» ЖШС көрсететін тау-кен өндіруші саласындағы техникалық қызметтерге сұраныстар өткен жылғы деңгейде қалуына байланысты (2017 жылғы қаңтар ішінде НКИ 2016 жылғы өткен кезеңге сәйкес 106,7% құрады).

         Сумен жабдықтау көлемінің төмендеуі суды есептеудің жеке құралын тұтынушымен орнату есебінен стратегиялық ресурсты (суды) үнемдеуге байланысты. Бірақ-та ақшалай іске асыру көлемінің өсуі орын алады, ол 2017 жылғы 1 сәуірден бастап тарифтің көтерілуіне байланысты.

 

         1.2. Ауыл шаруашылығы

         2018 жылғы қаңтар-ақпан ішінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1254,3 млн. теңгені немесе 2017 жылғы ұқсас кезеңге 103,1% құрады.

 

Мал шаруашылығы.

2018 жылғы 1 наурызға ІМҚ мал басының саны 32,2 мың бас (2017 ж. ұқсас кезеңге 102,2 %), қой – 47,0 мың бас (101,9 %), ешкі – 6,6 мың бас (101,5 %), жылқы  - 9,7 мың бас (103%), шошқа – 1,4 мың бас (100,4 %), құс – 332,7 мың бас (97,1 %) құрады.

Барлығы сүт – 3512,7 тонна (97,4 %), тірі салмақтағы ет – 1493,8 тонна (105,8%), жұмыртқа – 308,9 мың дана (100,2%) өндірілді.

Сүттің төмендеу себебі «Үштерек және К» ЖШС өнімі өндірісінің төмендеуіне байланысты, сауылатын сиырлардың көбі бұзаулау алдында жіберілген, сүт көлемінің ұлғаюы аналық мал басының бұзаулауынан кейін ағымдағы жылғы мамыр-маусым айларында күтіледі.

         «Құлан», «Сыбаға», «Алтын-Асық» бағдарламалары бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айы ішінде осы бағдарламалар бойынша қаржыландыру болған жоқ.

         Ағымдағы жылғы 1 наурызға апта сайынғы негізде «Ауыл» базарында 12 ауыл шаруашылық жәрмеңкелер өткізілді, сондай-ақ 2 кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңке өткізілді.

 

         Өсімдік шаруашылығы

         Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының  егіс алқаптарын 1000 га аса ұлғайту жоспарлануда, ауыл шаруашылығы дақылдарының  егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жұмыстар жем-шөп, майлы және жемшөп дақылдары егістіктерін ұлғайту жолымен жалғасатын болады.

         Сондай-ақ «Сергей», «Алина», «Агата» және «Агромакс ДС» ШҚ сияқты шаруашылықтар есебінен кем дегенде 500 га суармалы жерлердің алаңы ұлғайтылатын болады. 

 

         Ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеу және дайындау.

         Ауыл шаруашылық өнімдерді дайындаумен 27 кәсіпорын шұғылданады, соның ішінде 12 ет дайындау бойынша, 14 сүт дайындау бойынша және 1 кәсіпорын жүн дайындау бойынша.

         Өңірде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша 19 кәсіпорын бар, одан: нан-тоқаш және кондитерлік -12; сүт-3; еттен жартылай дайындалған-2 өнімдер. Сәбіз және картопты жуып өңдеу және бөлшектеп өлшеу сызығы-1, балықты қақтау және тұздау бойынша цех-1.

         2018 жылғы 1 наурызға 113,5 тонна нан-тоқаш өнімдері және 101 тонна сүт өнімдері, 5 тонна қақталған және тұздалған балық, өңделген және бөлшектеп өлшенген өндірілді сәбіз және картоп – 0 тонна, 10,8 тонна еттен жартылай дайындалған өндірілді.

 

         2. Құрылыс

         2018 жылғы 1 наурызға құрылыс жұмыстарының көлемі 321,7 млн. теңгені құрады (2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 179,4 көп).

         Тұрғын ғимараттардың жалпы алаңын енгізу қаңтар-ақпан ішінде 336 ш.м, НКИ – 97,7% (2017 жылғы қаңтар – 344 ш.м) құрады.

        

3. Инвестиция

         Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2018 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 4516,1 млн. теңгені (2017 жылғы ұқсас кезеңге 310%) құрады. Одан өз қаражаты – 4007,1 млн. теңгені, бюджеттік қаражат – 507,9 млн. теңгені, банк кредиттері – 1,1 млн. теңгені құрады.

        

         4. Шағын және орта кәсіпкерлік

         2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Ақсу қаласында 3134 бірлік шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, одан жұмыс істеп тұрған 2525, соның ішінде 222 – заңды тұлға, 2106 – ЖК және 197 - ШҚ.

         2018 жылы ББЖК-2020 бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасады, ағымдағы жылғы қаңтар айы ішінде осы бағдарлама бойынша қаржыландыру болған жоқ.

 

         5. Сауда

         2018 жылғы қаңтар-ақпан ішінде бөлшек сауда көлемі 2310,6 млн. теңгені, НКИ – 104,9% құрады.

         2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қалада 2 базар («Ауыл», «Достық»), 27 әлеуметтік дүкен, соның ішінде одан 9 әлеуметтік бөлімдер, 7 сауда үйі, 288 дүкен (одан ауылдарда 100 дүкен), 23 дәріхана, 10 автоқұю бекеті (болғаны 8 бір., 2 бір. Қалқаман және Достық ауылдарында ашылды), 45 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары (одан 6 ауылдарда), 74 қызмет саласының объектілері (одан 10 ауылдарда) жұмыс істейді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2018 жылғы 1 наурызға әлеуметтік-маңызды өнімдерге орташа баға Ақсу қаласы бойынша (килограмм үшін): күріш – 190,0 теңге, бидай ұны – 78,0 теңге, қарақұмық жармасы – 165,0 теңге, 1 сұрыптағы ұннан бидай наны – 122,0 теңге, түтік кеспе – 140,0 теңге, сиыр еті – 1249 теңге, тауық – 610 теңге, пастерленген  сүт  майлылығы 2,5% (литр) - 185 теңге, айран майлылығы 2,5% (литр) – 202 теңге, сүзбе майлылығы 5-9% (кг) – 1050,0 теңге, 1 сұрыпты жұмыртқа (он) – 210 теңге, сары май толтырусыз және өсімдік майсыз майлылығы кем дегенде 72,5% (кг) – 1523 теңге, өсімдік-күнбағыс майы (литр) – 350 теңге, ақбас қырыққабат (кг) – 66 теңге, басты пияз (кг) – 85 теңге, ас сәбізі (кг) – 72 теңге, картоп – 85 теңге, ұнтақ-қант – 184 теңге, кесек ас тұзы (кг) – 48 теңгені құрады.

                  

         6. Бюджет

Жеке кіріс түсімі 2018 жылғы 1 наурызға 1595,5 млн. теңгені жоспарлау кезінде 1056,1 млн. теңгені немесе 151,1 % құрады.

         Ақсу қаласының 2018 жылғы 1 наурызға түзетілген жылдық бюджеті 17387,5 млн. теңгені құрады, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттерге трансферттер мен кредиттер – 10369,7  млн. теңге, үлес салмағы – 59,6%.

         Бюджеттің шығыс бөлігін орындау 2018 жылғы 1 наурызға 1109,6 млн. теңгені жоспарлау кезінде 1114,5 млн. теңгені немесе 99,6% құрады.

 

         7. Әлеуметтік сала

         7.1. Еңбек нарығы

         2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 420 адам жүгінді, жұмыспен қамту шараларымен 366 адам қамтылды және жұмысқа орналастырылды (2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде-346/192).

         Есепте жұмыссыз ретінде 444 адам тіркелген, соның ішінде ауылдық аймақта-153 (2017 жылғы қаңтар ішінде-527).

         Ашық нарықтағы жұмыссыздар деңгейі-5% (2017 жылғы ұқсас кезеңге-5%).

         Белгіленген еңбек нарығындағы жұмыссыздар деңгейі-1,1% (2017ж.- 0,47%).   

         2018 жылға жоспар кезінде жұмыс орындарын құру бойынша 1840 (тұрақты – 690, уақытша – 1150), 2018 жылғы 1 наурызға 151 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 8,2% құрылды, одан: тұрақты – 61, уақытша – 90 (2017 жылғы қаңтарда 303 жұмыс орындары құрылды, одан 156-тұрақты, уақытша - 147).

         Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру шеңберінде Ақсу қаласы бойынша 2018 жылғы қаңтар-ақпан айы ішінде мынадай жұмыстар жүргізілді.

         Бірінші бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

Қысқа мерзімді оқыту.2018 жылға жұмыспен қамтуда жәрдемдесудің кешендік жоспарына сәйкес қамту жоспары 105 адамды құрайды. Жалпы 18,4 млн. теңге сомаға қаражат бөлінді. Өңірлік комиссияның 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 1 хаттамамен бекітілген еңбек нарығындағы қажеттіліктерге және кәсіптердің тізіміне сәйкес оқу мына: маникюр шебері, автомобильді жөндеу жөніндегі темір ұстасы, механизатор, бақылаушы-кассир, азық-түлік тауарларының сатушысы, «Д» санаттағы жүргізуші, электрогазбенпісіруші, электромеханик, экскаватор машинисті, бульдозер машинисті, даяшы-бармен, кең бейінді шаштараз, хатшы-референт, массаж жасаушы біліктіліктер бойынша ұйымдастырылатын болады.

         Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына қысқа мерзімді оқыту мәселесі бойынша 43 адам жүгінді. Одан басқа, селолық округтердің әкімдерімен (Қызылжар; М. Омаров атын.) нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санынан оқуға үміткер 12 адамның тізімі берілді. Ағымдағы жылғы наурызда 4 ұйымдастырылған топ (35 адам) мына мамандықтар бойынша: шаштараз – 10; маникюр шебері – 20; газэлектропісіруші – 5 оқуға кіріседі. Оқу Ақсу қара металлургия колледжінің базасында, “МирДик” оқу орталығымен ұйымдастырылатын болады.

         Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ). 2018 жылға оқумен қамту бойынша жоспар 121 адамды құрайды. Оқуға топтар еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша ұйымдастырылатын болады.

         Сондай-ақ 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2017 жылы оқуға кіріскен 121 адамнан 116 адам оқуын жалғастыруда. Қатысушылардың құрамынан 5 адам мына: 1 – тұрақты жұмыс орны, 1 – академиялық демалыс, 3 – отбасылық жағдайы бойынша өз еркімен бас тарту себептері бойынша шығарылды.

         Анықтама: қысқа мерзімді оқытудың құны (Хаттамағы сәйкес) айына бір адамға: 10 адам – 24862,0 теңге; 15 адам – 20401,0 теңге; 20 адам – 18170,0 теңгені құрайды.

 

 

         Екінші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

         2018 жылға мынадай индикаторлар жоспарланды: “Бастау бизнес” бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту – 50 адам; бизнесін ашу үшін мүкәмалар мен жабдықтаулар сатып алуға 100 АЕК (240500 теңге) мөлшерінде гранттар беру – 43 адам; бизнесін ашуға және кеңейтуге микрокредит беру – 22 адам.

         Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына микрокредиттеу мәселесі бойынша жыл басынан 51 адам жүгінді. 2016-2017 жылдардан бастап ауылда микрокредиттеу шеңберінде іске асыру үшін жалпы 182,6 млн. теңге сомаға 46 бизнес-жоба бар.

         Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және гранттар беру мәселесі бойынша селолық округтердің әкімдерімен (Қалқаман, Қызылжар, Алғабас, М. Омаров атын.) 56 адам көлемінде нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар санынан әлеуетті қатысушылардың тізімі ұсынылды.

          Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

         Еңбек нарығын дамыту.

         2018 жылға жалақы төлемін ішінара субсидиялауға 40,4 млн. теңге қарастырылды (РБ – 26,7 млн. теңге, ЖБ – 13,7 млн. теңге).

         Қамту жоспары 180 адамды құрайды (РБ – 80 адам, ЖБ -100 адам).

         2018 жылғы 1 наурызға әлеуметтік жұмыс орындарына 110 адам (ауыл – 38) жолданды және жұмысқа орналастырылды.

         Әлеуметтік жұмыс орындары қаланың және ауылдық өңірдің түрлі меншік нысандарының 19 кәсіпорнында құрылды.

         Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға ағымдағы жылы 17,4 млн. теңге қарастырылды (РБ – 7,8 млн. теңге, ЖБ – 9,6 млн. теңге).

         Жастар тәжірибесімен қамту жоспары 82 адамды құрайды.

         2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 3 адам жолданды.

         2018 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 34,2 млн. теңге қарастырылды. Қамту жоспары 230 адамды құрайды.

         2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 188 адам (ауыл – 73) жолданды. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 31 кәсіпорын келісім жасады. Есепті кезеңге 4,2 млн. теңге сомада жоспар толық көлемде игерілді.

          Еңбек ресурстарының ұтқырлығы.

         2018 жылға оралмандарды қабылдау бойынша жоспар 12 отбасын (онда 48 адам) құрайды.

         2018 жылғы 1 наурызға 2018 жылғы 24 қаңтардағы Өңірлік комиссиясының № 1 хаттамасына сәйкес квотаға 5 отбасы (онда 28 адам) қосылды.

         2018 жылға қоныс аударушыларды қабылдау бойынша жоспар 8 отбасын (онда 32 адам) құрайды.

         2018 жылғы 1 наурызға 2018 жылғы 24 қаңтардағы Өңірлік комиссиясының № 1 хаттамасына сәйкес квотаға 2 отбасы (онда 6 адам) қосылды.

         Оралмандар мен ішкі көші-қондардың (қоныс аударушылар) көшуіне субсидия төлеуге ағымдағы жылы 6,7 млн. теңге (РБ) қарастырылды.

         Сондай-ақ, бюджетте 17,4 млн. теңге (ЖБ) сомасында қоныс аударушылар мен оралмандар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға беру) бойынша шығыстарды қайтаруға субсидия қарастырылды

        

         7.2. Еңбекақы төлеу

         2018 жылғы 1 наурызға орташа номинальды жалақы төлемі бір қызметшіге 149197 теңгені немесе 2017 жылғы ұқсас кезеңге 106,6% құрады.

Ең төменгі күнкөріс шамасы 23875 теңгені құрады ( 2017 жылғы қаңтар-ақпан ішінде – 21177,0 теңге).

 

8. Білім беру

         2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Ақсу қаласында және ауылдық өңірлерде 27 мектеп (22 орта жалпы білім беру мектептері, 2 негізгі мектеп, 2 бастауыш мектептер және 1 Гимназия мектебі), 3 мектептен тыс мекемелер және 15 балабақшалар жұмыс істейді. Оқу жылының басына оқушылардың саны 9648 адамды құрады.

         Пайдаланылатын компьютердің жалпы саны 1558 дана, одан оқу үрдісінде 1474 дана пайдаланылады. 7 адамға бір компьютер (облыстық көрсеткіш – 6 адам).

Материалды-техникалық базаны нығайтуға 183752,0 мың теңге бөлінді, жергілікті – 27498,0 мың теңге, облыстық – 156254,0 мың теңге.

         Соның ішінде: Ақсу қаласының мектептеріне – 183162,0 мың теңге, балабақшалар – 590,0 мың теңге:

          Оқулықтар сатып алуға және жеткізуге 119262,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде облыстық бюджеттен – 69262,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 50000,0 мың теңге.

         - оқулықтарды жеткізуге – 755,0 мың теңге;

         - оқулықтар сатып алуға – 118507,0 мың теңге бөлінді.

         Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзуге 2018 жылға жергілікті бюджеттен 4389,0 мың теңге бөлінді.

         Мектепке дейінгі біліммен балаларды қамту 2018 жылғы 1 ақпанға бір жастан 3 жасқа дейін 862 бала немесе 77%, 3 жастан 6 жасқа дейін 2402 бала немесе 100 %.

         2018 жылғы 1 наурызға облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша жоспарды орындау пайызы 99,9% құрады.

 

         9. Денсаулық сақтау

         Қазіргі уақытта Ақсу қаласының медициналық ұйымдарының желісін «Ақсу қалалық орталық аурухана» ШЖҚ МКК ұсынады, құрамында тәулігіне 185 төсек орынға арналған стационар (2016 жылмен салыстырғанда төсек орындардың қысқаруы төсек орын қорын тиімді пайдаланумен байланысты), ауысымына 500 келушіге арналған қалалық емхана, 7 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік акушерлік пунктер, 15 медпунктер жұмыс істейді. АОА басқа Ақсу өңірінің аумағында 60 төсек орынға арналған стационармен «Ақсу қалалық туберкулезге қарсы аурухана» МКҚК және ауысымына 30 келушіге арналған диспансерлік бөлімше жұмыс істейді.

         2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тыныс алу органдарының туберкулезбен ауыратындардың 100 мың халыққа көрсеткіші – 42,7 төмендеуі байқалады (2017 жылғы ұқсас кезең ішінде – 68,1).

         Онкологиялық аурумен ауыратындардың 100 мың халыққа көрсеткіші ұлғайды және 299,0 құрайды (2017 жылғы ұқсас кезең ішінде – 220,2) немесе 9 адамға артты (2017 жылғы 1 наурызға – 26 адам, 2018 жылғы 1 наурызға – 35 адам).

         2018 жылғы 1 наурызға сәби өлімінің көрсеткіші және ана өлімінің көрсеткіші - 0 құрайды (2017 жылғы ұқсас кезең ішінде – 0).

        

         10. Автомобиль жолдары

         Өңір бойынша өтетін жолдардың жалпы ұзындығы 575,3 ш. құрайды, одан: республикалық маңыздағы – 139 ш.; облыстық маңыздағы – 111 ш.; аудандық маңыздағы - 134,4 ш.; қала көшелері – 61,3 ш., ауылдық елді мекендердің кентішілік көшелері – 150,2 ш.

         Ағымдағы жылы 159 млн. теңге сомаға ұзындығы 2,430 ш. қала көшелеріне орташа жөндеу жүргізу жоспарланады.

         Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2000 м2 алаңымен жолдарды ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланады.

         227,5 млн. теңге сомаға 15,45 ш. ұзындығымен Қалқаман, Сольветка, Ақжол, Евгеньевка, Пограничный, Құркөл, Парамоновка, Путь Ильича, Алғабас ауылдарының кіреберіс жолдарын орташа жөндеуге жобалар әзірленді.

               

         11. Мәдениет

         Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік желілерінде 38 мәдениет объектісі жұмыс істейді, соның ішінде, 17 кітапхана (одан ауылдарда-15), 18 клуб (соның ішінде ауылдарда – 15 МСО филиалдары), сондай-ақ 1 автоклуб, 1 Ақсу қаласының тарихи-өлкетану мұражайы, Ақсу қаласының мәдениет және демалыс саябағы.

3 клубтық мекемелер жұмыс істейді, одан 2 қалалық: «Ақсу қаласының С. Дөнентаев атындағы мәдениет сарайы» МКҚК және «Ақсу қаласының мәдени – сауықтыру орталығы» МКҚК, 1 ауылда Қалқаман ауылының МҮ.

         Қалада ұйымдастыру-әдістемелік және шығармашылық-бұқаралық жұмыстардың негізгі базасы «Ақсу қаласының С. Дөнентаев атындағы мәдениет сарайы» МКҚК болып табылады. Қаланың клубтық мекемелерінде 139 клубтық қалыптастыру жұмыс істейді, одан ауылдарда 88, қатысушылар саны 2282 құрайды, соның ішінде ауылдарда 818 қатысушы.

         2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мәдениет мекемелерімен 8412 адамды қамтумен 152 іс-шаралар өткізілді, соның ішінде ауылдық жерлерде 121, қамту 3093 адам.

         12. Спорт 

         2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Ақсу қаласында және ауылдық жерлерде дене шынықтыру және спортпен 21 486 адам (+320) жүйелі түрде шұғылданады, ол қала және ауыл өңірі тұрғындарының барлығынан 30,5 % құрайды.

Ақсу қаласында және ауылдық жерлерде спорттық үй-жайлардың саны 454. Одан: 1 стадион; 1 спорт сарайы; 1 шаңғы базасы; 343 плосткосты имараттар 4 спорттық кешендер; 1 спорттық иммараттар кешені; 39  спорттық залдар; 7 хоккей корты; 2 теннис корты; 9 ату тирі; 44 орнатылған спорттық залдар, 1 автодром.

         2018 жылғы қаңтар-ақпан ішінде Ақсу қаласында және ауылдық жерлерде 38 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, одан – 16 ауылдық жерлерде. Қатысушылардың жалпы саны – 4520 адам, одан ауылдық жерлерде – 1850 адам.

 

         13. ІІБ  ЖПҚ

         2018 жылғы қаңтар-ақпан ішінде қылмыстық құқық бұзушылық саны 14,3% төмендеді, барлығы тіркелген 144 (2017 жылғы ұқсас кезең ішінде – 168).


2015-06-03 17:31:23

Сондай-ақ оқыңыз