Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласындағы объектілердің құрылысы және қайта құру барысы жөніндегі ақпарат

1.Қалалық жылыту қазандығын салу

 

Құны10 822,1 млн. теңге

 

Мердігерлік ұйым –«KBIEnergy» ЖШС-гі

 

Қаржыландыру және игеру: 2019 жылға облыстық бюджеттен 2 836,6 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді.

 

01.08.2019 жылы 1 170,0 млн. теңге игерілді.

 

Пайдалануға енгізу мерзімі – 2019 жыл.

 

Ағымдағы жағдай: объектіде ғимараттың бас корпусын (6 дана шамасында КВТС-30-150 маркасында жылыту қазандықтарын, 6 дана түтін мұржасын, 6 дана түтінтартқыларды, 2 дана көпірлі крандарды монтаждау жүргізілді), тұрмыстық үй-жайларымен қоса әкімшілік корпусын, отын беретін жолды, су құбыр сорғы стансасын, ұнтақтағыш корпусын салу жұмыстары аяқталды. Аула сыртындағы және аула ішіндегі инженерлік желілерді орнату, трансформаторлық қосалқы стансасын және жарықтандыру бағандарын орнату бойынша жұмыстар аяқталды.

 

Қазіргі уақытта іске қосу мен жөндеу жұмыстары жобасын әзірлеу және теміржол бойынша жобаны түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Осыған байланысты қазіргі уақытта Ақсу қаласының салынып жатқан қалалық жылыту қазандығына теміржол кіреберіс жолын жанасуына қатысты жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр, 2019 жылғы 19 шілдедежобаны түзету жұмыстары аяқталғанға және «Мемсараптама» РМК қорытындысын алғанға дейін «Павлодар облысы Ақсу қаласының қалалық жылыту қазандығын салу» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру жөнінде шешім қабылданды.

 

 Ақсу қаласындағы Молодежная көшесі, 32 бойынша 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу.

 

Құны – 1 311,3 млн. теңге

 

Мердігерлік ұйым – «ДСК Монтаж» ЖШС-гі

 

Қаржыландыру және игеру: 2018 жылы 884,7 млн.теңге игерілді. 2019 жылға 426,6 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

 

Ағымдағы жағдай: Тұрғын үйдіңтехникалық қабатын монтаждау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, терезе балкондарын орнату (терезелер тоғызыншы қабатқа дейін орнатылды), бөлме ішіндегі арақабырғаларға кірпіш қалау (7-ші қабатқа дейін) жұмысы жүргізіліп жатыр, өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

1. Қалқаман ауылындағы Степная көшесі, 2 бойынша 4 қабатты тұрғын үйді қайта құру.

 

Құны – 108,706 млн. теңге.

 

Мердігерлік ұйым – «ЭК-Монтаж-Сервис» ЖШС-гі

 

Қаржыландыру және игеру: 2019 жылға 108,706 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. 01.09.2019 жылға 105,8 млн. теңге игерілді.

 

Жұмыстардың аяқталу мерзімі –2019 жылғы қыркүйек. 

 

Ағымдағы жағдай: Қазіргі уақыттаөңдеу жұмыстары және ішкі қабырғаларын және арақабырғаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Абаттандыру және ИКИ: Сыртқы желілер және абаттандыру –«КазСтройМонтаж – PV» ЖШС-гі, электрмен жабдықтау – «СК-Строитель» ЖШС-гі. Қазіргі уақытта жер жұмыстары және электрмен жабдықтау желілерін өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2.Қалқаман ауылындағы Степная көшесі, 4 бойынша 4 қабатты тұрғын үйді қайта құру

 

Құны – 111,2 млн. теңге.

 

Мердігерлік ұйым – «ЭК-Монтаж-Сервис» ЖШС-гі

 

Қаржыландыру және игеру: 2019 жылға111,2 млн. теңге бөлінді. 01.09.2019 жылға 108,0 млн. теңге игерілді.

 

Жұмыстардың аяқталу мерзімі – 2019 жылғы қыркүйек.

 

Ағымдағы жағдай: Қазіргі уақытта тұрғын үйдің шатырын ауыстыру жұмыстары аяқталды, өңдеу жұмыстары және ішкі қабырғаларын және арақабырғаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Абаттандыру және ИКИ: сыртқы желілер және абаттандыру –«КазСтройМонтаж– PV» ЖШС-гі, электрмен жабдықтау –«СК-Строитель» ЖШС-гі. Қазіргі уақытта жер жұмыстары және электрмен жабдықтау желілерін өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

3.Павлодар облысы Ақсу қаласында жедел басқару орталығын салу.

 

Құны– 191,9млн.теңге,

 

Мердігерлік ұйым –«Строй-ЗАСТ» ЖШС-гі

 

Қаржыландыру және игеру: 2019 жылға 191,9 млн. теңге бөлінді. 01.09.2019 жылға 170,0 млн. теңге игерілді.

 

Ағымдағы жағдай: Қазіргі уақытта ЖБО ғимаратын тұрғызу бойынша жұмыстар объектіде аяқталды.Шатыр орнату, ішкі өңдеу, кәріз жүйесінің құбырларын монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Енгізу –2019 жылғы желтоқсан.

 

2019 жылғы маусымда облыстық бюджетті кезектегі нақтылауында Ақсу қаласында 4 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлерді салу бастамасы үшін 4,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, соның ішінде:

 

- Павлодар облысы Ақсу қаласында Строителей көшесі, 43 бойынша 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйді салу. Құрылыстың сомасы – 699,6 млн.теңге. Іске асыру мерзімі – 2019-2020 жылдар.

 

Тұрғын үйдің ауданы – 6,3 мың шаршы метр, пәтерлердің саны – 80.

 

Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымды анықтау үшін конкурстың шарты болып табылатын қатысушыларда жұмыс тәжірибесінің болмау себебі бойынша бірінші сатып алулар өткізілмеген деп танылуына байланысты қайта мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп жатыр.

 

- Павлодар облысының Ақсу қаласында Строителей көшесі, 45 бойынша 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу. Құрылыстың құны – 533,0 млн.теңге. Іске асыру мерзімі – 2019-2021 жылдар.

 

Тұрғын үйдің ауданы – 4,7 мың шаршы метр, пәтерлердің саны – 60.

 

Сатып алулар жүргізілді. Мердігер –"Идеал-Строй ПВ" ЖШС-гі (Павлодар қаласы, директор – Кайрат Зияданович Мустафанов). Шарт жасасу рәсімдері жүргізіліп жатыр.

 

- Павлодар облысының Ақсу қаласында Строителей көшесі, 47 бойынша 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу. Құрылыстың құны – 543,8 млн.теңге. Іске асыру мерзімі – 2019-2021 жылдар.

 

Тұрғын үйдің ауданы – 4,7 мың шаршы метр, пәтерлердің саны – 60.

 

Сатып алулар жүргізілді. Мердігер –"Идеал-Строй ПВ" ЖШС-гі (Павлодар қаласы, директор – Кайрат Зияданович Мустафанов). Шарт жасасу рәсімдері жүргізіліп жатыр.

 

- Павлодар облысының Ақсу қаласында Строителей көшесі, 49 бойынша 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу. Құрылыстың құны – 699,8 млн.теңге. Іске асыру мерзімі – 2019-2021 жылдар.

 

Тұрғын үйдің ауданы – 6,3 мың шаршы метр, пәтерлердің саны – 80.

 

Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымды анықтау үшін конкурстың шарты болып табылатын қатысушыларда жұмыс тәжірибесінің болмау себебі бойынша бірінші сатып алулар өткізілмеген деп танылуына байланысты қайта мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп жатыр.

 

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен Павлодар облысының Қалқаман с/о Қалқаман ауылында Степная көшесі, 1 бойынша 4 қабатты тұрғын үйді қайта құру бастамасына 1,0 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді. Қайта құру құны – 168,2 млн.теңге. Іске асыру мерзімі – 2019-2020 жылдар.

 

Тұрғын үйдің ауданы – 2,0 мың шаршы метр, пәтерлердің саны – 40.

 

Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымды анықтау үшін конкурстың шарты болып табылатын қатысушыларда жұмыс тәжірибесінің болмау себебі бойынша бірінші сатып алулар өткізілмеген деп танылуына байланысты қайта мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп жатыр.

 

- Павлодар облысының Ақсу қаласы Қалқаман с/о Қалқаман ауылында 4 қабатты тұрғын үйді қайта құру (түзету)», жобаның жалпы құны – 168 193,0 млн. теңге, ЖІЖ мен ГЭ шығыдарын есептеумен жобаның құны – 166 177,0 млн. теңге. Пәтерлердік жалпы ауданы - 2011,6 шаршы метр. Пәтерлердің саны – 40 (оның ішінде 1 бөлмелілер - 6, 2-бөлмелілер – 29, 3-бөлмелілер - 5).

 

- Павлодар облысының Ақсу қаласы Қалқаман с/о Қалқаман ауылында Степная көшесі, 5 бойынша 4 қабатты тұрғын үйді қайта құру», қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізіліп жатыр, жобаның болжамды құны – 175,0 млн. теңге.

 

 

 

ИКИ

 

 4.Ақсу қ., Астана көшесі, 58 бойынша көп қабатты тұрғын үйді қайта құру, 2-кезең. Сыртқы инженерлік желілер ЖЖ, СС және КЖ, СБЖ және абаттандыру

 

Қаржыландыру және игеру: 2019 жылға 28,9 млн. теңге бөлінді және игерілді.

 

Ағымдағы жағдай:Объект пайдалануға енгізілді, 2019 жылғы 23 шілдедегі енгізу актісі.

5.Қалқаман ауылындағы Степная көшесі, 3 бойынша 4 қабатты тұрғын үйдің сыртқы желілерін қайта құру және аумағын абаттандыру.

 

Құны– 19,4 млн.теңге,

 

Мердігерлік ұйым – «Строй Структура Плюс» ЖШС-сі.

 

Қаржыландыру және игеру: 2018 жылы 7,9 млн. теңге бөлінді және игерілді. 2019 жылы  11,5 млн.теңге бөлінді және игерілді..

 

Ағымдағы жағдай:Объект пайдалануға енгізілді, 2019 жылғы 23 шілдедегі енгізу актісі.

6.2-ші шағын ауданындағы Строителей көшесі, 39 және Строителей көшесі, 41 бойынша 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілерді өткізу.

 

Құны– 251,6 млн.теңге,

 

Мердігерлік ұйым – «СК Строитель» ЖШС-гі.

 

Қаржыландыру және игеру: 2018 жылы 241,6 млн. теңге бөлінді және игерілді. 2019 жылға 10,0млн.теңге бөлінді.

 

Ағымдағы жағдай:2018 жылы облыстық бюджет қаражаты есебіненСтроителей көшелері, 39 және 41 тұрғын үйлерге сыртқы желілер мен абаттандыру салуға 241,496 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. 2018 жылы «СК-Строитель» ЖШС-нің мердігерлік ұйымымен инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары жүргізілді, абаттандыру жұмыстары ұйлер құрылысының аяқталмауына байланысты 2019 жылға көшірілді.

2019 жылы абаттандыру жұмыстарын аяқтауға 10,0 млн. теңге бөлінді. Осыған байланысты Строителей көшесі, 39 бойынша тұрғын үйді пайдалануға енгізу 2020 жылға жоспарланып отыр, ағымдағы жылғы 28 тамызда 2019 жылға бөлінген қаражатты секвестрлеу мәселесін қарастыру үшін Павлодар облысының Құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

Строителей көшесі, 40 бойынша көп пәтерлі тұрғын үй салу (Сыртқы желілер және абаттандыру).

 

Құны – 119,074 млн.теңге,

 

Мердігерлік ұйым – «Life Строй Инвест» ЖШС-гі

 

Қаржыландыру және игеру: 2016-2017 жылдары 241,6 млн. теңге бөлінді және игерілді. 2019 жылға 11,788млн.теңге бөлінді.

 

Ағымдағы жағдай: Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2016-2017 жылдары Строителей көшесі, 40 бойынша тұрғын үйге сыртқы желілер мен абаттандыру салуға 106,1 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді («LifeСтройИнвест» ЖШС-гі мердігерлік ұйымы). 2019 жылы аталған жұмыстарды аяқтауға 11,788 млн. теңге бөлінді. Абаттандыру бойынша жұмыстарды орындау ағымдағы жылғы қазан айында жоспарланып отыр.

 

 

СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІЛЕРІН САЛУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚҰРУ

 

 7.Путь-Ильича, Еңбек ауылдарында су құбырын салу

 

Құны– 458,0 млн.теңге.

 

Мердігерлік ұйым – «Кельма 05» ЖШС-гі.

 

Қаржыландыру және игеру: 2018 жылы 150 млн.теңге бөлінді және игерілді. 2019 жылы 308 млн.теңге бөлінді..09.2019 жылға 170,0 млн. теңге игерілді.

 

Ағымдағы жағдай: Сумен жабдықтаудың магистральдық желісітолығымен төселді, 92 құдық орнатылды. Қоршау орнату және тұрғын үйлерге су құбыры желілерін келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, 324 үйге жүргізілді, қалғаны – 20 үй.

 

Желілердің ұзындығы – 16,4 км

 

Жұмыстардың аяқталу мерзімі: 2019 жылғы қыркүйек.

8.Алғабас ауылында су құбырын салу

 

Құны – 391,0 млн.теңге.

 

Мердігерлік ұйым – «Агропромремстрой» ЖШС-гі.

 

Қаржыландыру және игеру: 2018 жылы 187,5 млн.теңге бөлінді және игерілді. 2019 жылы 203,5 млн.теңге бөлінді. 01.09.2019 жылға 200,7 млн. теңге игерілді.

 

Ағымдағы жағдай: Объект пайдалануға енгізілді, 2019 жылғы 23 шілдедегі енгізу актісі.

 

М.Омаров атындағы ауылда су құбырын салу

 

Құны – 374,6 млн.теңге.

 

Мердігерлік ұйым – «Агропромремстрой» ЖШС-гі.

 

Қаржыландыру және игеру: 2018 жылы 125 млн.теңге бөлінді және игерілді. 2019 жылға 249,6 млн.теңге. 01.09.2019 жылға 209,9 млн. теңге игерілді.

 

Ағымдағы жағдай: Объект пайдалануға енгізілді, 2019 жылғы 23 шілдедегі енгізу актісі.

 

Пограничник ауылындағы су құбырын қайта құру және есептеу құралдарын орнатумен тұтынушылар учаскелерінің шекараларына тікелей су құбыры желілерін келтіру.

 

Құны – 395,6 млн.теңге,

 

Мердігерлік ұйым – ТОО «КазСтройСервис-7».

 

Қаржыландыру және игеру: 2019 жылға 250,0 млн.теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. 01.09.2019 жылға 218,8 млн. теңге игерілді.

 

Ағымдағы жағдай: Жер жұмыстары және су құбыры желілерінің құбырларын монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, 9 400 метров құбыр жолы төселді, 112 құдық орнатылды. Сондай-ақ, 2-ші көтергішті сорғы стансасын демонтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Жұмыстардың аяқталу мерзімі – 2020 жылғы тамыз.

 

Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы - 12,7 км.

9.Ақсу қаласының канализациялық тазарту ғимараттарынан Пограничник ауылы ауданындағы «Ұзынбұлақ» жинақтау көліне дейінгі арынды канализациялық коллекторды қайта құру

 

Құны  – 9 301,0 млн. теңге

 

Өздігінен ағатын кәріз желісінің ұзындығы– 2,4692 км;

 

Арынды кәріз желісінің ұзындығы – 57,7766 км;

 

Мердігерлік ұйым –«ГРЭССТРОЙ» ЖШС.

 

Қаржыландыру және игеру: 2019 жылға бюджеттен 1 250,0 млн.теңге мөлшерінде қаражат бөлінді және игерілді.

 

Ағымдағы жағдай: ұзындығы 22,0 км кәріз желісін қайта құру жұмыстары орындалды.

 

Объектіні пайдалануға енгізу 2020 жылы жоспарланып отыр.

10.Ақсу қаласындағы магистральдық желілерді қайта құру Құны – 1 636,0 млн.теңге.

 

Мердігерлік ұйым – ТОО «Дала».

 

Қаржыландыру және игеру: 2018 жылы 170,0 млн.теңге бөлінді және игерілді. 2019 жылы 750,0 млн.теңге бөлінді және игерілді.

 

Ағымдағы жағдай: 2019 жылғы 01 тамызға ұзындығы 14 км сумен жабдықтау желісін қайта құру жұмысы орындалды, қазіргі уақытта Строителей, Пушкин, Камзин және Энтузиастов көшелері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

Магистральдық су құбырын орнатумен қоса топырақ әзірлеу, құдықтарды монтаждау және ілмекті арматура орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

 

Желілердің ұзындығы – 21,5 км

 

Ақсу қаласының ауылдық аймағында сумен жабдықтау желісін жобалау жөнінде ақпарат

 

 

Сондай-ақ, ағымдағы жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және мына инвестициялық жобаларды қаржыландыруға облыстың Жер қойнауын пайдалану және су ресурстары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды:

 

 

 

1)Павлодар облысы Ақсу қаласы ауылдық аймағының Құркөл ауылында су құбырын және су құбыры ғимараттарын салу (жобаның құны - 651,7 млн. теңге);                                                                          

2)Павлодар облысы Ақсу қаласы ауылдық аймағының Ақжол ауылында су құбырын және су құбыры ғимараттарын салу (жобаның құны – 862,4 млн. теңге);

 

3)Павлодар облысы Ақсу қаласы ауылдық аймағының Достық ауылында су құбырын қайта құру (жобаның құны - 681,7 млн. теңге);

 

 

Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Павлодар облысы Ақсу қаласы ауылдық аймағының Сарышығанақ ауылында су құбырын және су құбыры желісін салуға жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеуге арналған жұмыстарды мемлекеттік сатып алулар жарияланды, конкурс жеңімпазы болып «InnovationCenterProject» жарияланды.

 

        

 

 

 


2017-08-14 18:31:08

Сондай-ақ оқыңыз