Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Тарихи-өлкетану музейі Ақсу қаласы

Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақсу тарихи-өлкетану музейі бөлімшесі.

           Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «2000 жыл мәдениетті қолдау жылы» деп жариялаған кезінде әкімнің, еңбек және соғыс ардагерлерінің, Құрметті азаматтардың қолдауымен қалада тарихи-өлкетану музейін ашу туралы шешім қабылданды.  

2000 жылы 18 қазан күні экспозиция-көрме залы 146,4 шаршы метрді құрайтын қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды.  

          Музейде 1 зал бар. Экспозициялық көрмелер: бірінші экспозиция археология бөлімі, воскресенская темір жолы, қала тарихы, тың және тыңайған жерлерді игеру, орыс халқы үйінің безендірілуі, этнография, қазақ халқының әшекейлері, үтіктер, киіз үйдің безендірілуі, ұлттық аспаптар, нумизматика бөлімі, білім беру бөлімі, атақты жерлестер, Ақсу қаласының құрметті азаматтары, ГРЭС, ферроқорытпа зауыты, ауған жауынгерлері, ҰОС-ына арналған экспозиция, ЭКСПО 2017 жыл, қазіргі Қазақстан, өрт сөндіру бөлімі, біріккен әскери комиссариат, өнер  бөлімі, денсаулық сақтау бөлімі, спорт бөлімі, табиғат және фауна, рекорд Гиннес бөлімі.

Музейде кез келген санаттағы келушілерге қазақ және орыс тілдерінде шолу және тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі.

         1 қаңтар 2016 жылы музей жинағының жалпы қоры 3955 бірлікті құрайды.  Оның ішінде негізгі қор 2652, көмекші 1303 қор бар.  Олардың арасында өте сирек кездесетін жәдігерлер бар: 50-60 жылдардағы резеңке аяқ-киім, ХХ ғасырдың басындағы түлкі ішігі, 50-жылдардағы теледидар, 1915 жылғы бірнеше «Огонек» нөмір журналдары.

          Бұқаралық-ағарту жұмыстары туған өлкесінің тарихын сүюге, патриоттық сезімін тәрбиелеуге, Ақсу өңірінің дарынды, шығармашылық адамдарымен таныстыруға бағытталған: сабақтар мен экскурсиялар, дәрістер, шеберлік сыныптарын, кездесу кештер ынтымақтастықта болатын білім берудің барлық деңгейіндегі оқу орындарымен және этно-мәдени бірлестіктермен ұйымдастырылады.

ТӨЛҚҰЖАТ

         Ақсу музейінде жылжымалы көрмелерді Бұхар Жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейі және академик Қ.И. Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі өзінің экспозицияларын әкелді.

             Музей қызметі Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының, жергілікті әкімшілігінің алғыс хаттарымен және дипломдарымен  марапатталды.

         Музей атауы:  Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақсу тарихи-өлкетану музейі бөлімшесі.

«Мекен-жайы: 140100, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Әуезов к., 8

Басшының аты-жөні: Акшулакова Гүлжанар Нәскенқызы

Құрылған жылы: 1976ж.

Ғимарат түрі: (типтік немесе бейімделген): бейімделген – С.Дөнентаев атындағы мәдениет сарайынан жалға алу

Музейдің жалпы алаңы: 202,4 ш.м.,оның ішінде экспозициялық залы – 146,4 ш.м.

Соңғы жөндеу жұмысының өткен жылы: 2010 жыл

Жөндеу жұмысының түрі: күрделі

Қандай бағдарлама бойынша жөндеу жұмысы жүргізілді: «Жол картасы» бойынша

Жеке меншік түрі: Мемлекеттік

Экспонаттар саны (негізгі қор):  3935

фот му1


 

Акшулакова Ақсу тарихи-өлкетану музейі бөлімшесінің басшысы

 Акшулакова Гүлжанар Нәскенқызы

 

1965 жыл туған, Білімі жоғары. 1985 жылы Павлодар қаласында

В.Воровский атындағы педагогикалық училищені, 

1999 жыл Торайғыров атындағы Павл одар Мемлекеттік

Университетің филолог мамандығы бойынша бітірді.   

 

 

 

Жұмыс жолын  1985-1997жж Лебяжі ауданы Қазы ауылында бастауыш сынып мұғалімі, 1997-2000 жж Ақсу қаласының №7 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 2000 жылдың 18 қазанынан бастап «Ақсу тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның ашылғаннан бастап  басшысының міндетін атқаруда.

Мекен-жай:  Қазақстан  Республикасы, Павлодар  облысы 140100 Ақсу қаласы, Әуезов көшесі 8,

факс/тел.: 8(71837)64699, 69958

Электронды пошта: museum-aksu@rambler.ru

Жұмыс кестесі  дүйсенбі – жұма сағ.  9.00 -18.00 дейін

Түскі үзіліс: сағ.13.00-14.00

Сенбі-жексенбі: сағ.10.00-18.00 түскі үзіліссіз


2016-05-27 12:22:38

Сондай-ақ оқыңыз