Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Қазақстанда тұрақты тұру

Қазақстанда тұрақты тұру

2.1. Тұрақты тұруға рұқсат алу
           
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында (бұдар әрі – Заң) «көшіп келуші» деген ұғымның анытамасы берілген. Көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам. Әрі қарай Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалу мәселелеріне қатысты Заңның кейбір нормалары көрсетілген.
 
3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері
Қазақстан Республикасының аумағына келу және Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсатына қарай көшіп келудің мынадай негізгі түрлері бар:
1) тарихи отанына оралу мақсатында;
2) отбасын біріктіру мақсатында;
3) білім алу мақсатында;
4) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында;
5) гуманитарлық және саяси уәждер бойынша.
 
5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында:
1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім, медициналық және әлеуметтік көмек алуға;
3) Қазақстан Республикасының көшіп келушілердің болуы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жерін еркін таңдауға;
5) өзіне тиесілі мүліктік құқықтарын және мүліктік емес жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа және мемлекеттік органдарға жүгінуге;
6) осы қызмет түрлері ақысыз негізде көрсетілетін оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында ақылы бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алуға құқығы бар.
2. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасында:
1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген міндеттерді атқарады;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келудің, кетудің және онда болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.
 
7-бап. Көшіп келушілер болып табылмайтын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар
Мыналар:
1) осы Заңның 3-бабында көзделмеген мақсаттарда Қазақстан Республикасының аумағында күнтізбелік тоқсан күннен артық болмайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар көшіп келушілер болып табылмайды. Аталған адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелуге міндетті;
2) бес тәуліктен аспайтын мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін;
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлімдерде әскери қызметте жүрген;
4) дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың құрамына енетін;
5) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болып табылатын;
6) теңіз және өзен кемелері, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуе, теміржол және автомобиль көлігі экипаждарының мүшелері болып табылатын;
7) миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар көшіп келушілер болып табылмайды.
Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
 
Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 49 бабына сәйкес көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негiздер мынандай:
1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған;
2) сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
4) оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiнің растамасын Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен және мөлшерде ұсынбаған;
5) Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған;
6) ұлтаралық және дiни араздықты өршіткен;
7) іс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;
8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;
9) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы болған;
9-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;
10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтiнiш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде дәлелді себепсіз ұсынбаған;
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген кезге дейін бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген;
12) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқан;
13-1) Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың iшiнде оралман мәртебесін алған кезде қоныстандыру үшiн белгiленген өңiрден тыс жерлерге оралман өзiнiң ерiк қалауымен өз бетiнше iшкi көшiп-қонған жағдайда;
14) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;
15) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берiлген рұқсаттың күші жойылады.
Тұруға ықтиярхатты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгін беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ұлттық қауіпсіздік органдарының оң келісімінсіз рұқсат беруге тыйым салынады.
 
2.2. Ықтияр хат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі  
 
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктерге ықтияр хат, ал азаматтығы жоқ тұлғаларға – азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі.
 
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу және беру тәртібі.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу үшін шетелдіктер уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:
1) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын;
2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты;
3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр екі фотосуретті;
4) жарамды ұлттық паспортты жеке ұсынуы қажет.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап қолданылу мерзімі он жылға, бірақ олар азаматы болып табылатын ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
 
Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу және беру тәртібі
Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттар:
1) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
2) мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;
3) көлемі 3,5х4,5 сантиметр үш фотосурет;
4) мынадай құжаттардың біреуі:
- қолданылу мерзімі өтіп кеткен шетелдік паспорт;
- азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
- 1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы);
- әскери билет;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
- Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққаны және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша азаматтығын өзгерткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтығын өзгерткені туралы анықтама;
- туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеген кезде);
- Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлік (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) ұсынылады.
Азаматтығы жоқ адамның куәлігін толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа да деректер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны беру үшін негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, он алты жасқа толған азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Азаматтығы жоқ адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде иесінің жеке басын растау үшін қолданылу мерзімі бес жылға беріледі. Шетелге ата-аналарынсыз, қамқоршыларынсыз, қорғаншыларынсыз шыққан кезде азаматтығы жоқ адамның куәлігі он алты жасқа дейінгі адамдарға беріледі.
 
2.3. Қазақстан Республикасының азаматтығы
 
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау ҚР Президентінің Жарлығы бойынша және жеңілдетілген-тіркеу тәртібі бойынша жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.
 Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, әрекетке қабiлетсіз және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан не Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тiзбе бойынша кәсiптерге ие және талаптарға сай келетiн адамдардан және олардың отбасы мүшелерiнен осы тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады.
Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi.
 
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-1-бабына сәйкес жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына:
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде кемінде төрт жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұрған оралмандар;
2) тұрған мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары қабылдануы мүмкiн.
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.
 
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабына сәйкес осы Заңның 16-бабының 1) тармақшасында көрсетілген республика территориясында тұру мерзіміне:
 егер адам армияға дейін Республика территориясында тұрып, армиядан босатылған күні мен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, армияда қызмет еткен уақыты;
егер оқуды бітірген немесе оқу орнынан шығарылған күні мен Қазақстан Республикасына келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерде оқыған уақыты;
егер командировканың аяқталуы мен Қазақстан Республикасына келген күнінің арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерге командировкаға барған уақыты есептеледі.
Науқастанып қалған, дүлей апат болған ретте немесе басқа да дәлелді себептер бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген үш айлық мерзімді есептеу тоқтатылады.
Басқа мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазалау шараларын өтеу уақыты, сондай-ақ республика территориясында командировкада болған, емделген мерзімі және басқа да уақытша тұрған реттер Қазақстан Республикасы территориясында тұру мерзіміне есептелмейді.
Қазақстан Республикасының азаматы болып саналуының күші жойылғаннан бұрынғы кезең Қазақстан Республикасы территориясында тұру мерзіміне есептелмейді.
 
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 17-бабына бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту негiздерi:
 Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтiнiш білдірген адам:
1) адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне әдейi қарсы шықса;
2) Қазақстан Республикасы аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
3) ұлттық қауiпсiздiкке, халықтың денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асырса;
4) ұлтаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса;
5) террористік және экстремистік ұйымдарға кірген немесе террористік әрекеті үшін сотталған болса;
6) халықаралық іздеуде болса, соттың күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе не сот оның әрекетін ерекше қауіпті баукеспелік деп таныса;
7) басқа мемлекеттiң азаматы болса;
8) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдірген кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарласа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаса;
9) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңмасымен солай деп танылған, соттылығы алынбаған немесе өтелмеген болса;
10) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде халықтың көші-қоны саласында Қазақстан Республикасының экономикасы және (немесе) заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасаса;
11) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде осы Заңның 21-бабы 1), 2) және 5) тармақшаларының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, оның өтініші қабылданбайды.
Осы баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 16-бабы бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші бөлігі мен 16-1-бабында аталған және ішкі істер органдарына шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған жазбаша өтінішпен өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің азаматтық мәселелері жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адамына өтініш білдірген адамдарға қолданылмайды. Өтініш білдірген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған жағдайда мұндай өтініш білдіру фактісі туралы ақпарат, олардың шетелдік паспорттары шет мемлекетке жіберіледі.
 
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдар, Қазақстан Республикасы Президентінің атына Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жазады және тұрақты тұратын жеріндегі ішкі істер органына тапсырады.
Өтініште Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың барлық себептері көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының азаматттығына қабылдау туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі бекіткен нысандағы екі дана сауалнама-өтініш (1-қосымша);
2) екі данадағы толық өмірбаян;
3) бас киімсіз түсірілген анфас өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
4) белгіленген нысанда толтырылатын, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабында қарастырылған шарттарды қадағалауға міндеттемесі (3-қосымша);
5) лауазымы көрсетіле отырып жұмыс орнынан немесе оқу орнынан берілген екі дана анықтама;
6) сотталғаны немесе сотталмағаны жөніндегі анықтама;
7) жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
8) басқа мемлекеттің азаматтығын алмағандығы немесе оны тоқтатқаны туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген анықтама (осы Нұсқаулықтың 12-тармағының 1) тармақшасындағы екінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы жазбаша өтініш жасаған адамдарды қоспағанда. Мұндай өтініш беру фактісі туралы, ақпарат, осындай адамды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған жағдайда оның шетелдік паспорты белгіленген тәртіппен шетел мемлекетіне жіберіледі);
9) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны жөніндегі құжат.         
Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібіне байланысты мәселелерді қарау.
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы 1996 жылдың 26 ақпанындағы Келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың жеңілдетілген тәртібін республика аумағында тұрақты тұру мерзіміне қатыссыз заңды негізде мынадай шарттардың біреуі бар болғанда:
1) егер өтінуші Беларус ССР, Қазақ ССР, Қырғыз ССР немесе РСФСР-дың азаматтығында және бір уақытта бұрынғы КСРО-ның азаматтығында тұрған болса, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының аумағында туған немесе тұрған болса;
2) егер өтініш берушінің азаматтық алатын Тараптың аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және оның азаматы болып табылатын ең болмаса бір жақын туысқаны: жұбайы (зайыбы), ата-анасының (асырап алушыларының) бірі, баласы (оның ішінде асырап алғаны), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі, немересі (немере қызы) екендігін растайтын құжат.
Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғызстан Республикасының азаматтары жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және басқа Тараптың азаматтығын тоқтату үшін облыстардағы ІІББ-ІІБ бастығының атына өтініш жазады және оны тұрақты тұратын жеріндегі қалалық, аудандық ішкі істер органдары көші-қон полициясының бөлімшелеріне береді.
Өтінішке мынадай құжаттар:
- белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш (1-қосымша);
- еркін түрде жазылған толық өмірбаян;
- бас киімсіз түсірілген анфас өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
- белгіленген нысанда толтырылған, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабында қарастырылған шарттарды орындау міндеттемесі (3-қосымша);
- жеке басын куәландыратын және Келісімге қатысушы-елдердің біреуінің азаматтығына қатыстылығы растайтын паспорттың немесе басқа құжаттың көшірмесі;
- тууы туралы және неке туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- мемлекеттік баж төлегендігі жөнінде құжат қоса беріледі.
Қажет болған жағдайда шарттардың біреуінің бар екендігін растайтын жеңілдетілген тәртіппен азаматтықты қабылдауға қажетті құжаттар қоса беріледі. Мұндай құжаттар ретінде туу туралы куәліктің, паспорттың, Қазақстан Республикасының аумағында туғандығын растайтын басқа да құжаттың көшірмелері, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін тұратын жері бойынша Келісімге қатысушы-елдердің аумағында тіркелгендігі туралы белгісі бар паспорт парағының немесе бұл жөніндегі құзыретті орган анықтамасының көшірмесі, тууы туралы және неке туралы куәлігінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық байланысын растайтын өзге де құжаттың көшірмесі пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу туралы өтініш, егер де осы жөнінде өтініш берген адам:
1) адамзатқа қарсы халықаралық құқықтармен қарастырылған қылмыстар жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;
2) Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырса;
3) мемлекеттік қауіпсіздікке, халықтың денсаулығына зиян келтіретін қарсы әрекеттерді жүзеге асырса;
4) мемлекетаралық, халықаралық және діни соғыстарды тұтатса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің қалыптасуына қарсы әрекеттер жасаса;
5) бұрын террористік іс-әрекеті үшін сотталған болса;
6) сот оны кәнігі қылмыскер деп таныған болса қабылданбайды.
 
14-тен 18-ге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған баланың ата-анасының өтінішіне қоса нотариалды түрде куәландырылаған келісімі қажет
 
Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінім білдірген адам өтініш берген кезінде Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрса, неке туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін тапсырады.
Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бұрынғы кеңестік республикалардың азаматтары олардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстығын куәландыратын құжаттарды (тууы туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.), өз туысының тұрғылықты жері туралы мекен-жай бюросының анықтамасын және оның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар екендігін растайтын құжаттың көшірмесін береді.
Қазақстан Республикасының «Салық және міндетті түрде бюджетке төленетін төлемдер туралы (Салық Кодексі)», Кодексінің 504-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алу кезінде мемлекеттік баж салығын төлеуден жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңінде, өзге де адамгершілікке жат саяси акциялардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға ниет білдірген олардың ұрпақтары босатылады.
 
ҚР азаматтықты тоқтату негіздері (Заңның 19-бабы)
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1)      Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
 
ҚР азаматтығынан шығу (Заңның 20-бабы)
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.
Егер шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді.
 
ҚР азаматтығынан айрылу (Заңның 21-бабы)
Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV Заңымен;
5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
6) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса, айрылады.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам үш жұмыс күні ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарлауға және паспортын және (немесе) жеке куәлігін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелеріне тапсыруға міндетті.
 
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік
 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 496-бабы «Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу»
1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы –
жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
3. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер –
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2016-07-11 09:27:26

Сондай-ақ оқыңыз