Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Қазақстанға келу

Қазақстанға келу

1.1. ҚР визасы
        
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының құзырлы органдарымен бірге «Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын» (бұдан әрі - Қағидалар) әзірледі. Аталған Қағидалар Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2013 жылдың 10 сәуірінде № 8407 болып тіркелді, жіне 2013 жылды 1 маусымында қолданысқа енді.
Жаңа Қағидалар оны 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкестендіру, қолданыстағы визаларды беру ережелерін жетілдіру, сондай-ақ шет ел азаматтарының ҚР аумағына кіруін, ҚР аумағынан шығуын және ҚР аумағында болуын реттеу мақсатында қабылданды.
Қағидаларға алғашқы рет «көшіп келуге жатпайтын», «көшіп келуге» және «шығуға» арналған визалардың түрлері енгізілді.
«Көшіп келуге жатпайтын» визаларға келесі санаттағы визалар жатады:
1. Дипломатиялық (А1, А2, А3);
2. Қызметтік (B1, B2, B3);
3. Инвесторлық (С1, С2);
4. Іскерлік (D1, D2, D3, D4, D5, D6, D7, D8);
5. Миссионерлік (Е1, Е2, Е3);
6. Туристік (F1);
7. Жеке сапар (G1, G2, G3, G4);
8. Транзиттік (H1).
«Көшіп келуге жататын» визаларға:
1. Тұрақты тұруға (J1, J2, J3);
2. Отбасын біріктіруге арналған (К1, К2, К3);
3. Білім алуға арналған (L1, L2);
4. Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған (М1, М2, М3, М4, М5);
5. Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша келгендерге арналған (N1, N2).
 
Шығу визаларына «P1», «P2», «P3», «P4», «P5», «P6», «P7», «P8» жатады
 
Айтып өтетін жәйт, жаңа Қағидаларды қабылдау бірінші кезекте шетелдік туристтердің, жеке және іскер тұлғалардың Қазақстанға келуіне қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Қағидаларда бір, екі және үш мәртелік туристік визаларды әр келгенде Қазақстан аумағында 30 тәулікке дейін болу құқығымен 90 тәулікке дейінгі мерзімге беру қарастырылған.
Сонымен бірге, ҚР аумағына кәсіпкерлік қызметімен айналысу мақсатымен келетін шетелдіктерге Қағидаларға сәйкес «бизнес - иммигранттар» санатындағы визалар бір жылға дейін беріледі.
ҚР аумағында инвестиция құю қызметімен айналысатын шетелдіктерге бір мәртелік инвесторлық визалар 90 тәулікке дейін немесе ҚР-дың инвестиция жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты негізінде көп мәртелік инвесторлық визалар үш жылға дейін ресімделеді.
Әлемнің дамыған 48 елінің азаматтарына (Қағиданың №7 қосымшасы) қазақстандық визаларды жеңілдетілген түрде беру тәртібі жаңа Қағидаларда да сақталды. Бұл тәртіп шетелдіктерге ҚР-дың қысқа мерзімді визаларын шақыру қағазынсыз (визалық қолдаусыз) алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қағидаларда халықаралық өзара түсіністік қағидатын негізінде екі елдің азаматтарына ортақ және тең жағдай орнату мақсатында виза берудің басқа режимін енгізуге мүмкіндік беретін нормалар көзделген.
ҚР аумағында заңсыз кәсіпкерлікпен, еңбекпен және басқа қаржы төленетін қызметтермен айналысатын шетелдіктердің санын азайту мақсатында жаңа Қағидаларда шет азаматтарының тиісті санаттағы визалармен Қазақстанда болуына шектеулер қойылған.
Атап айтқанда, ҚР-ға конференцияға, симпозиумге, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ қысқа мерзімдік лекцияларды оқу, жоғарғы оқу орындарында сабақ жүргізу мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге «D1» беріледі. Бір, екі және үш мәртелік «D1» санатындағы визалар әр келгенде Қазақстан аумағында 30 тәулікке дейін болу құқығымен 90 тәулікке беріледі.
«D2» санатындағы визалар қысқа мерзімді іссапарға, жабдықты монтаждау және жөндеу қызметін көрсетуге, Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда, жастар, студенттік және мектептік алмасу бағдарламасына қатысу мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі. Мұндай визалар 180 тәуліктің ішінде әр келгенде Қазақстан аумағында 60 тәулікке дейін болу құқығымен бір жылға дейінгі мерзімге ресімделеді.
«D3» санатындағы визалар ҚР-ға гуманитарлық көмекті алып жүруге, келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасау, консультациялық немесе аудиторлық қызметтер көрсету мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі. Мұндай визалар әр келгенде Қазақстан аумағында 30 тәулікке дейін болу құқығымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бірақ, аталған санаттағы визамен шетелдіктің Қазақстанда болу мерзімі 180 тәуліктің ішінде 60 тәуліктен аспауы қажет.
Қағидаларға сәйкес заңды тұлғалардың шақыруымен ресімделетін іскерлік, жеке, туристік және транзиттік визалардың мерзімдері ұзартылмайды. Қолданысқа енгізілген Қағидалардың басты ерекшеліктерінің бірі – бұдан былай визалық қолдау көрсету мен виза беру жөнінде шешім қабылдау барысында шетелдік азаматының немесе оның тұрақты тұратын елдегі саяси және миграциялық жағдайы ескерілетін болады.
Жаңа Қағидаларға отбасымен бірігу үшін Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге берілетін «отбасын біріктіру» санатындағы виза енгізілді. Осындай виза 1 жылға беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтары, этникалық қазақтар, Қазақстанда уақытша тұратын бұрынғы отандастар, Қазақстанда тұрақты тұратын иммигранттар және «бизнес-эммигранттар» шақырушы тарап бола алады.
Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы/қызды асырап алу үшін Қазақстанға келетін шетелдіктерге 180 тәуліктің ішінде 120 тәулік ҚР аумағында болуға рұқсат берілетін жеке визалар беріледі. Сонымен қатар, этникалық қазақтарға жеке визалар 1 жылға ресімделеді.
Жаңа Қағидаларға сәйкес миссионерлік санатындағы визаларды 180 күнге дейін алуға және, қажет болған жағдайда, оны ҚР көші-қон полициясы органдарында аталған мерзімге дейін Қазақстанда ұзартуға мүмкіндік туғызады. Бұрынғы Ережелерде миссионерлік санаттарындағы визаларды тек 180 күнге дейін алуы қарастырылған және оны Қазақстанда ұзарту мүмкін емес болатын. Сонымен қатар, жаңа Қағидаларда Қазақстанда миссионерлік қызметпен айналысатын шетелдіктердің отбасы мүшелеріне виза рәсімдеу белгіленген.
Қағидаларда Қазақстанға гуманитарлық мақсатта келетін шетелдіктерге «гуманитарлық және саяси уәждер» санатындағы виза берілуі көзделген. Осындай визалар Қазақстанға білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету салаларда ақысыз негізде көмек көрсету, сондай-ақ қайырымдылық және гуманитарлық көмек көрсету және грант беру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін волонтерлерге беріледі.
Қағидаларға ҚР СІМ-гі беретін тіркеу картасының негізінде шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің, консулдық мекемесінің, сондай-ақ, халықаралық ұйымның қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында визасыз бола алады. Яғни, Қазақстандағы қызметтік (дипломатиялық) жұмысын атқару кезінде аталған қызметкерлер ҚР визасының орнына тіркеу картасын қолдануына болады.
 
Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу үшін ҚР-дың аумағында тіркелген шақырушы заңды тұлғалар ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің (бұдан әрі - КҚД) визалық қолдауын алдын ала ресімдеуі тиіс.
Осы мақсатта КҚД-не келесі құжаттар тапсырылады:
- А қосымшасында көрсетілген құжаттар;
- заңды тұлғаның өтпелі жылмен нотариалды куәландырылған жарғысы мен мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркелу) анықтамасы және салықтың соңғы үш айда төленгені туралы анықтамасы (жылына бірінші рет арызданған заңды тұлғалар үшін).
- заңды тұлғалардың өкілдерінен сенімхаттар талап етіледі (КҚД-нің визалық қолдау нөмірін ресімдеуге құжат тапсыру және визалық қолдау нөмірін алу үшін).
Шақырылатын шетелдіктердің мәліметтері ақпараттық жүйеге қатесіз енгізілу мақсатында, шақыру қағазының №2-қосымшаға сәйкес электронды WORD форматында толтырылған нұсқасын электронды ақпарат тасымалдағышта тапсыру талап етіледі.
Электронды нұсқада жіберілген қате мәліметтер үшін жауапкершілік толығымен шақырушы тарапқа артылады.
ҚР СІМ КҚД күмән тудыратын, қате және толық толтырылмаған шақыру хаттарын қабылдаудан бас тартуға құқықы бар.
Қазақстан Республикасының Халықаралық әуежайларында орналасқан ҚР СІМ-нің консулдық пункттерінде Қазақстанның визалары визалық қолдау немесе ҚР СІМ-нің нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері жоқ шет елдерінің азаматтарына беріледі.
Нақты шығыстардың орнын толтыру үшін төлемақыны (шақырылатын әрбір шетел азаматы үшін) (бір, екі-, үш- және көп мәртелік визалар үшін - 01.01.2015 жылдан бастап. - 5946 теңге) заңды/жеке тұлғалармен төмендегі есеп-шотқа төленеді:

Алушы                                                          РМК "ҚР СІМ Шаруашылық басқармасы”
Алушы банкі                                                            ИИК  KZ72914398416BC06615
                                                                       БСН 020240002254
                                                                       ДБ АО СБЕРБАНК филиалы, Астана қ.
                                                                       БИК SABRKZKA, КБЕ 16,
                                                                       Төлемнің қолданыс коды 859
                                                                       КБЕ 16

Шот-фактураны РМК мекен жайында алуға болады:
010000, Астана қ. Д. Конаев к,, 31. тел.(8-7172)-72-00-96, 72-00-13, факс 72-00-89.

Алушы                                                          Қаржы Министірінің Салық комитеті
Алушы банкі                                                Астана қаласы, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті
                                                                       ЖИК – KZ24070105KSN0000000
                                                                       БСН - 021040001589
                                                                       Кіріс коды 108101
                                                                       БИК – KKMFKZ2A
                                                                       Төлемнің қолданыс коды – 911
                                                           КБК-108101 «ҚР СІМ консулдық алымы»
                                                                       КБЕ – 11
 
Ескертпе: төлем түбіртектері банктің мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
Электронды түрде жүзеге асырылған төлем түбіртектері банктің мөрімен куәландырылған болуы тиіс. 
Қолмен толтырылған төлем түбіртектері банкпен берілген фискальді чек болған жағдайда ғана қабылданады.
 
Құжаттарды қабылдау:
- Астана қаласында: Қабанбай батыр көшесі, 28, IV кіреберіс, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті, визалық сектор.
- Алматы қаласында: Айтеке би көшесі, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті, КҚД-нің қабылдау бөлмесі, 8 (7272) 72-09-39, 72-03-11.
Құжаттарды және визалық мәселелер бойынша сұрақтар бойынша қабылдау күндері: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері 09:30-дан 12:30-ға деінгі уақытта. Сәрсенбі қабылдау жүргізілмейтін күн.
Басқа қалаларда орналасқан заңды тұлғалар тиісті құжаттарды жоғарыда көрсетілген мекен жайға тапсырады, ал шақырылатын шетелдіктер туралы электронды WORD форматындағы мәліметтер visa-kz@mfa.kz - ке жолданады.
 
Сенім телефондары:
ҚР СІМ КҚД Паспорттық-визалық басқармасының басшысы - Ерлан Тлемісұлы ӘБІШЕВ, 72-04-68
ҚР СІМ КҚД директорының орынбасары - Керім Қуандықұлы ҚОЖАМБЕРДИЕВ, 72-04-34
ҚР СІМ КҚД директорының қабылдау бөлмесі - 72-01-64
ҚР СІМ КҚД Алматы қаласындағы өкілдігі Паспорттық-визалық басқармасының басшысы – Ғазиз Арықбайұлы АҒЫБАЕВ - 72-09-39 
ҚР СІМ КҚД Алматы қаласындағы өкілдігі директоры орынбасарының қабылдау бөлмесі - 72-04-47
ҚР СІМ-нің визалық қолдауын ресімдеу туралы кеңестерді келесі телефон нөмірлер арқылы алуға болады:
Визалық сектор - 8 (7172) 72-04-70, 72-04-71, 72-03-07, 72-04-88
Визалық сектордың аға дипломаты - Омаров Алмасбек Хамитұлы, 72-04-73 
ҚР визаларын алу тәртібі туралы толық ақпаратты ҚР СІМ ресми web-сайтанда алуға болады: www.mfa.kz
 
1.2. Шектеу
 
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес көшіп келушінің Қазақстан Республикасына келуіне:
1) ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;
2) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
4) егер ол ұлтаралық және дiни араздықты тудырса;
5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
6) егер ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болса, сондай-ақ оның әрекеттерінде сот қауіпті түрде қайталанған қылмыс бар деп таныған жағдайда;
7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған жазаны өтемеген болса;
8) егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпеген болса;
9) егер ол, этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды ұсынбаса;
10) егер ол келу туралы өтiнiш хат жолдаған кезде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
11) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде тыйым салынады.
Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген көшіп келушілерге шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
Қабылдаушы тұлғалардың көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағында жүріп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылса, қаралмайды.
 
1.3. Көшіп келушілерді уақытша болуын тіркеу
 
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда
болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары
, Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасының визалары болған кезде көшіп келушілер халықаралық және жолаушы қатынастары үшін ашық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы паспорттары немесе оларды алмастыратын құжаттары (бұдан әрі - паспорт) бойынша, Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
Визаның қолданылу мерзімі көшіп келуші паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 ай бұрын өтуі тиіс.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган берген тиісті рұқсаттарсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуіне және Қазақстан Республикасынан кетуіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша тыйым салынады.
Қазақстан Республикасына келген кезде 16 жасқа толған әрбір шетелдікке көші-қон карточкасы беріледі. Көші-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан шыққан кезде тапсырылуы тиіс.
Көші-қон карточкалары:
1) Қазақстан Республикасының дипломаттық, қызметтік және инвесторлық визалары бар адамдарға, сондай-ақ дипломаттық, қызметтік паспорттары мен уәкілетті органнан "инвестор" мәртебесін растауы бар адамдарға;
2) әуе, теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелеріне;
3) поезд, оның ішінде рефрижератор, локомотив бригадаларының жұмыскерлеріне және темір жол көлігімен тасымалданатын жүктерге ілесіп жүретін адамдарға;
4) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін поезд жолаушыларына;
5) халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілеріне берілмейді.
Қазақстан Республикасына уақытша келетін көшіп келушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша тіркеледі. Көшіп келушілерді тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
Пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Заңда белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған көшіп келушілерді тіркеу Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес арызды қарау үшін қажетті мерзімге ресімделеді. Егер арыз бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданса, тіркеу қылмыстық істі тергеу үшін қажетті мерзімге ұзартылады.
Тіркеу көшіп келушінің ұлттық паспортының және визаның қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.
Қазақстан Республикасына келу мен болудың визасыз тәртібі туралы ратификациялаған халықаралық шарттар жасалған елдерден келген азаматтарды тіркеу халықаралық шарттарда көзделген мерзімге, ол болмаған жағдайда отыз тәуліктен, ал Кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және одан әрі осындай мерзімге ұзартылады.
Оларға қатысты шетелдік жұмыс күшін тартуға заңда белгіленген тәртіппен ресімделген рұқсаты бар көшіп келушілерді, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін тіркеу осы рұқсаттың қолданылу мерзіміне ресімделеді.
Паспорттарды тіркеуден дипломаттық немесе қызметтік паспорттары бар көшіп келушілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының "дипломаттық", "қызметтік" және "инвесторлық" санаттағы визаларымен келген немесе уәкілетті органнан "инвестор" мәртебесін растаған кезде көшіп келушілер (визасыз болу режиміндегі елдер үшін) босатылады.
Одан басқа, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2012 жылғы 20 сәуірдегі Келісімге және Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2013 жылғы 4 қазандағы Келісімге сәйкес, Қазақстанға уақытша келген Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарында тіркеуге тұру міндеттерінен 30 күнге босатылады. Егер де Қазақстанда 30 күннен аса болатын жағдайларда Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы азаматтары ҚР заңнамасына сәйкес ішкі істер органдарында уақытша тіркеуге тұруға міндетті.
Шетелдік Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы заңды немесе жеке тұлға бұл туралы ішкі істер органдарына үш күн мерзімде жазбаша хабарлайды.
Тұрақты немесе уақытша тұратын жерін ауыстырған жағдайда көшіп келушілер үш күн мерзімде жаңа тұратын жері бойынша ішкі істер органдарында қайта тіркеуден өтеді.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасына уақытша келетін көшіп келушілердің еңбек қызметін жүзеге асыруы жергілікті уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
Елге бизнес-көшіп келуші визасы бойынша келген шетелдік визаның қолданылу мерзіміне ішкі істер органдарында тіркеледі.
Бизнес-көшіп келушілер Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың қолдаухаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық  шарттарда өзгеше көзделмесе, маусымдық шетелдік қызметкерлер, гуманитарлық себептер бойынша, білім алу және отбасымен қосылу мақсатында келетін көшіп келушілер жалпы негізде тіркеледі.
Қазақстан Республикасында шетел азаматтардың төлқұжаттарын тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісімі бойынша Сыртқы істер министрлігі және Ішкі істер министрлігімен реттелген.
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы №135 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі №08-1-1-1/154 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Көшіп-келушілердің паспорттарын тіркеу, олардың жүріп-тұру, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жергілікті жерлерге (аумаққа) кіру, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүру қағидалары».

2016-07-11 09:22:28

Сондай-ақ оқыңыз