Ақсу қаласының әкімдігі
Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Қала тарихы

 

pg

       Қаланың тарихы Екібастұз маңында  тас көмір кенін ашумен байланысты. 

   19 ғасырдың аяғы. Қазақстан сол кезде Ресей империясының бөлігі ретінде капиталистік экономикасының дамуына бейімделді.         Қазақстаннан Ресейге, Ресейден Қазақстанға тауарлар мен ағаш материалдарды, бұйымдарды тасу экономиканың және сауданың дамуына көп әсер етті. 

Осы уақытқа дейін Қ.Пішенбаевтың тас көмір кенін ашуы, одан кейін 19 ғасырдың 90- жылдың аяғында саудагер-миллионер А.И.Деровтың шақыруымен келген ғалымдар, инженерлер және геологтардың барлауы тас көмірді шахты әдісімен шығаруға бірінші әрекетке жасау әкеліп соқты.

  Ертіс және Объ өзенінде кеме шаруашылығының дамуы, 1886 жылы Челябинсктен Омбыға дейін темір жолын жүргізу– көмірді Екібастұздан  Ертіске  тасымалдау қажет деген деген нәтижеге әкелді. Қант зауытының басшысы Л.Бродский және діни тәлімгері протоиерей Ионна Кронштадскийдің қолдауымен  А.Деров Екібастұз көмірін өңдеу үшін акционерлік қоғамын құру туралы шешім қабылдады, ол «Воскресенское» атына ие болды.

 1899 жылдың 18 қаңтарында өз  жарғысы бар осындай қоғам құрылды.  Сонымен Воскресенское акционерлік кенөнеркәсібі 3 миллион рубль капиталымен тас көмір кенінен бастап Ертіске дейін  темір жол салуды бастады.

 Деров пен акционерлердің алдында Ертістің сол жағында кемежай орнын белгілеу сияқты маңызды міндет тұрды.  Ол Ақсу болысының 5-ші және 6-шы ауылдарының жанындағы Қызыл Шырпы мекеніңде белгіленді. 

 1899 жылдың сәуір айынан Ертістен бастап Екібастұзға дейінгі темір жол құрылысы басталды, теміржол қоғамға сай Воскресенское деп аталды.

    Теміржолдың құрылысы 1899 жылдың қазан айында аяқталды. Теміржол ұзындығы 109 км құрайды. Воскресенское кемежайы салынған жерді Сібір қазақ әскерінен  99 жылға жалға алып, алаңы 7,4 шаршы метрді құрап, Ертіс бойынан баржалар мен кемелер аялдайтын 1,5 шақырым  жерге созылды. 

 Жолдың Ертіспен қосылатын жерінде кемежай пайда болады да, екі қоныс дами бастайды: әкімшілік және жұмыскерлердің кенті. Орталық аудандардан қоныс тепкендер өз үйлерін саз, қамыс, пен сабан сияқты жергілікті материалдан салуға мәжбүр болды. Осылайша, жаңа ғасырдың басында №5 қазақ ауылының жанында, Қызыл Шырпы маңында Глинка деп аталатын, саздан соғылған үйлері бар шағын мекен пайда болады.

 Глинка тұрғындарының саны бірте-бірте арта берді, әсіресе, 1906 жылғы революциялық қозғалытстан кейін қырғыз және сібір қырларына қоныстанғандар толып кетеді. 1911 жылы жұмыскерлер қонысында тұрғындар саны 1 мыңға жуық адамға өсті.

Сол уақыттан бастап, Далалық өлке губернаторының Жарлығы бойынша Глинка қонысына Казак атаманы Ермак Тимофеевичтің аты қойылып, Ермак атауы берілді.  1912-1914 жылдары аралығында Ермак аталды.

  1917 жыл Ермакка жаңа өзгерістер әкелді. Халық шаруашылығы Екібастұз Кеңесінің бірінші комиссары Царев Степан Иванович ақтардың құрбаны болып, вокзал жанындағы алаңда айуандықпен қаза табады. Жерлесіміздің ерлігі үшін қаламызда мүсін мен ескерткіш тақтасы орнатылған. Кеңес билігі Ермакта халық комиссарларының Павлодар Кеңесі ұйымдастырылғаннан кейін, 1919 жылғы қарашада орнатылады. 1929 жылға дейін Ермак қаласы Павлодар уезінің болыстық орталығы болады. Санақ бойынша 1289 адам тұрды.

 1928 жылы болыс және уездердің қысқартуына байланысты Павлодар округі құрылды, Ермак ауыл ретінде Павлодар (сол кезде Коряков) ауданының құрамына еңгізіледі. Округ қысқартылғаннан кейін 1930 жылдан 1938 жылға дейін Павлодар ауданының құрамына енді.

  1938 жылдың 14 ақпанында ҚазЦИК Президиумының қаулысымен Павлодар және Бесқарағай ауданының біріктіруімен орталығы Ермак селосында орналасқан Кагановический ауданы құрылады, 1957 жылдың 19 тамызында аудан Ермаковский ауданына ауыстырылады. Жаңа қала  ең бірінші ірі қара металлургия және электр қуаты құрылысының басталуымен, Қазақ ҚСР жоғары Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 23 қазандағы Жарлығымен Ермак кентіне облысқа қарайтын қала мәртебесі беріледі. 

   1992 жылы Ермак ауданы Аксу ауданына ауысады. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Президиумының 1993 жылдың 4 мамырындағы ТН №2189-ХП Қаулысы негізінде Ермак қаласы Ақсу қаласы деп атын өзгертеді. Бірнеше жылдан кейін облыс әкімінің шешімімен 1997 жылдың 9 маусымында Ақсу ауданын қысқартуына байланысты шекарасына ауыл аумағы ретінде ауыл аймақтар мен Қалқаман кенті де Ақсу қаласының әкімшілігіне енгізіледі.

 Ақсу қаласы – Павлодардың Ертіс өңірінде орналасқан Қазақстан Республикасының моноқалаларының бірі. Жеке секторымен қоса, көп қабатты әдемі мөлтек аудандары мен өзгеше дизайнымен ерекшеленетін ғимаратары бар жинақы, таза да жайлы қалашық тек қала тұрғындарының ған емес, келген меймандардың да көңілінен шығады. Жасыл саябақ алаптары мен аллеялар, гүлзарлар мен фонтандар, Ертіс өзенінің көркем жағалулары - тұрғындардың демалатын сүйікті жерлері, сондықтан болар, ақсулықтар өз қаласын сүйіп, мақтан етеді. 

 Ақсу қаласы облыс орталығы Павлодар қаласынан 50 шақырым жерде, оңтүстікке қарай, Ертістің сол жағалауында орналасқан. Қала мен оның ауылдық аймағының аумағы солтүстікте Ақтоғай ауданымен, оңтүстікте Баянауыл, Май, Аққу аудандарымен, батыста Павлодар ауданымен, шығыста Екібастұз қаласымен шекараласады.

 Топырағы қоңыр, шалғын, кебір болып келеді, тыңайған жерлерді игеру кезінде аумақтың көп бөлігі жыртылған болатын. Боз, бетеге, жусан, қияқөлең қамыс, көктерек өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қосаяқ, қоян және тағы басқа жануарлар бар.

 Климаты күрт континентальды. Орта температурасы қантарда 15-17 градус, шілдеде 20-21 градус, жауын-шашынның орта жылдық көлемі 250-300 мм.

 Қазіргі Ақсу – Павлодар облысының өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және мәдени қаласы. Қала тұрғындарының саны - 70300 адам, оның ішінде 27 мыңнан астам ауыл тұрғындары.

 Екі алып ферроқорытпа зауыты және еуроазияттық энергетикалық корпорациясы, онымен қоса, су арнасы, жылу және электр желілері, қалааралық және қала маңындағы тасымалдау, қалалық коммуналдық шаруашылығы, «Парус» фирмасы және «Казахтелеком», тағы да басқа кәсіпорындар қаладағы тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды мәсілелерін шешеді. Ақсу қаласы Қазақстан шағын қалалары арасында ең сәтті, таза шағын қала деп саналады. Ақсу аймағында шағын және орта бизнес кәсіпкерлік одан әрі дамуда. Қазіргі уақытта қалада 1589 шағын бизнес субъектілері жұмыс істейді. Жақсы көрсеткіштермен ауыл шаруашылығы да дамуда. Соның ішінде, «Қалқаман элеваторы» АҚ, «Павлодар құс фабрикасы», «Выбор» ЖШС,  “Биосем” агрофирмасы ТК, Алиповтар шаруа қожалығы, “Бекон”  шошқа кешені және басқалары. Қ.Сәтбаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» арнасы біздің қаламыздың аса маңызды стратегиялық объектісі болып табылады. «Ертіс-Қарағанды» арнасы – Қазақстанның орталық және солтүстік бөлігін суға қандырып әрі асырып отыр.

  1959 жылдың 11 қарашасында Компартиясы ОК және ҚазҚСРО Министрлер Кеңесі «Ертіс-Қарағанды» арнасының құрылысын бастау туралы» №1009 қаулысын жариялады. Сонымен 1960 жылдың 15 қаңтарында «Павлодарская правда» газетінде: «Ермакқа болашақ ферроқорытпа зауыты және «Ертіс-Қарағанды» арнасы құрылысына бірінші құрылысшылар келді» деп жазылды.

 Тың игерудің бірден-бір  мұрасы болып табылатын ұзындығы 458 шақырымды құрайтын арна мәңгілік алға басудың куәсі.   Тек біздің аумағымыздың 6: «Потанинский», «Путь Ильича», «Пригородный»,  Гагарин атындағы, «Октябрьдің 60 жылдығы» және «Куйбышев» атындағы ауылдарына су жіберілді.

 Біздің қаланы Қазақстанның солтүстік және оңтүстік бөлігімен байланыстыратын «Ақсу –Дегелең» темір жолының ашылуына арналған  салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуы Ақсу қаласы  үшін өте маңызды тарихи оқиға болды. Ал темір жол вокзалының жаңғырып, қалпына келтірілген ғимараты қаланың көзтартарлық көрнекті орнына айналды.

 Қаламызда орталықтандырылған кітапхана бар, 2000 жылы тарихи-өлкетану музейі қалалық мәденеит сарайында жалға берілген ғимаратта орналасқан, 2004 жылы салтанатты түрде «Ауыл» базары және «Камея» сауда орталықтары ашылды.  2007 жылы тұрғын халық үшін халыққы қызмет көрсету орталығы (ХҚКО), Царев көшесінде мешіт ашылды.

 2008 жылы Астана күнін мерекелеуге  байланысты қаламыздағы Мир көшесіне Астана көшесі деген атау берілді, сол көшеде супермаркет басқа да жаңа ғимараттар құрылды.  2009 жылы Тұран Әлем» банкінің филиалы ашылды. 4 мөлтек ауданында Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмыскерлеріне арнап салынған 60 пәтерлі жаңа тұрғын үй қолданысқа берілді.  2010 жылы 500 адамды қабылдауға арналған емхана мен 1200 орынды мектеп қолданысқа берілді.  Қазіргі уақытта 4-мөлтек ауданында «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақша, ферроқорытпа зауытының жұмыскерлеріне арнап салынған тағы да бір тұрғын үй,  қолданысқа беріліп, қала тұрғындарына арналған И.Құтпанов атындағы спорттық кешен салынды, Астана сауда үйі салынды. Балабақша ғимарраттары қайта іске қосылуда, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша трассалар жөнделіп, мөлтек аудандарындағы жолдар асфальтталуда. 

 

 


2016-06-08 17:37:23

Сондай-ақ оқыңыз