Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласының тұрғындары!

Ақсу қаласының тұрғындары!

 

«Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы №470 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 254 бұйрығына сәйкес, халықтық қатысу бюджетін іске асыру мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі келесі іс-шаралар бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды:

1) аумақты көгалдандыру;

2) тротуарларды жайластыру;

3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

4) жалпы пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);

5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

7) балалар ойнайтын және ересек халықтың демалатын орындарында күркелер, орындықтар, урналар, жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;

8) аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

Қала бюджетінің қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

1) жалпы пайдалану объектісі;

2) тиісті аумақтардың тұрғындары үшін өзектілік.

Бұл ретте, бір қаржы жылы ішінде оларды іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.

2021 жылға арналған халықтық қатысу бюджетінің көлемі 60,0 млн. теңгеден аспайды.

Үлгі жобалық ұсыныстар бойынша тұрғындардан жобалық ұсыныстарды қабылдау кезеңі: 2020 жылдың 18 мамырынан 8 маусымына дейін.

Сонымен қатар, 2021 жылға арналған қолда бар жобалық ұсыныстардың тізімін ұсынамыз, олар үшін дауыс беруге болады:

6. Черемушки шағын ауданында көлемі 20 * 40 жасанды жабыны бар футбол алаңын орнату. Жұмыстарды іске асыру құны 16,0 млн. тг.

7. Әуезов көшесінің бойымен (Астана көшесінен Строителей көшесіне дейін, тақ жағы) жалпы ауданы 2400 м2 брусчаткадан тротуар орнату. Жұмыстарды іске асыру құны 25,0 млн. тг.

8. Абай-Ертіс көшелерінің қиылысында бағдаршам объектісін орнату. Жұмыстарды іске асыру құны 7,0 млн. тг.

9. Ақсу қаласының аумағында ағаштарды санитарлық кесу (Астана көшесі бойындағы ағаштарды қалыптастыру, тұрғындардың өтініштері бойынша 315 ағаштарды кесу және жасарту, 130 құрғақ ағаштарды құлату). Жұмыс құны 7,0 млн.тг.

10. Астана көшесінің бойымен (Әуезов көшесінен Пушкин көшесіне дейін, тақ жағы) жалпы ауданы 2800 м2 брусчаткадан тротуар орнату. Жұмыстарды іске асыру құны 28,0 млн. тг.

Дауыс беру Ақсу қаласы әкімдігінің ресми сайтында, сондай-ақ aksu_news instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында 2020 жылдың 16 маусымы мен 16 шілдесі аралығында өтеді.


2020-05-13 10:16:08

Сондай-ақ оқыңыз