Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы «Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы» № 253/36 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы  11 тамыздағы

«Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы» № 253/36 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасына

 

«Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы  11 тамыздағы «Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы» № 253/36 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»  шешімінің жобасы әзірленді.

Осы шешімнің жобасын әзірлеудің мақсаты қайта аталған ауыл атауларын мен ауыл тұрғындары өкілдерінің санын түзету болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі             басқару туралы» Заңының  39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді.

          Аталған құқықтық-нормативтік актінің жобасы жергілікті қоғамдастық жиналыстарын өткізуді тәртіпке келтіреді.

Осылайша, жобаны қабылдау қайта аталған ауыл атауларын мен ауыл тұрғындары өкілдерінің санын түзету үшін қажет.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=3564517


2020-05-11 16:41:27

Сондай-ақ оқыңыз