Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Құрметті қала және ауыл өңірінің тұрғындары!

 

Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 838/7 қаулысымен ағымдағы жылғы 27 қыркүйектен бастап 27 қазандағы кезеңде Ақсу өңірінің аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша Айлық жарияланды.

Айлық шеңберінде қала және ауыл өңірінің 600 ұйымын, кәсіпорындарын және мекемелерін жұмылдыру жоспарланып отыр. Қалададағы көшелердің бекітілген учаскелерді, аула ішілік аумақтарды, балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын барлық қоқыстан тазарту, ағаштарды әктеу, өскен ағаштарды бұтау қаланың мемлекеттік мекемелері және кәсіпорындарының ұжымдарымен жүргізілетін болады.

Алдын ала деректерге сәйкес қатысқан адам саны 7000 құрайды. Ағаштардың түрлі тұқымдастығындағы 1000 көшет отырғызу, 4000 ағашты әктеу жоспарланып отыр.

Осыған байланысты 2019 жылғы 5 қазанда облыстық сенбілік жоспарланып отыр.

Барлық тұрғындарды, сондай-ақ қаланың және ауылдық өңірлердің кәсіпорындарын, ұйымдарын, мекемелерін, меншік нысандарынан тәуелсіз, пәтер иелерінің тұтынушы кооперативтерін аталған іс-шара жүргізу кезінде белсенді қатысуларын сұраймыз. Аула ішілік аумақтарды, тұрғын үйлерге, әкімшілік ғимараттарға және шағын және орта бизнес объектілеріне жақын аумақтарды жинастыруды сұраймыз.

Қаланы абаттандыру ісіне үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін алдын ала алғыс білдіреміз.

IMG-20191004-WA0003

IMG-20191004-WA0006

IMG-20191004-WA0000

 

 


2019-10-04 12:37:16

Сондай-ақ оқыңыз