Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Құрметті барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары!

 

2019 жылғы 15 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін “Қамқорлық” қайырымдылық айлығы жарияланады.

Баршаңызды қайырымдылық акциясына белсене қосылуып мұқтаж  ардагерелерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге, бір және одан көп мүгедектері бар отбасыларға, балалары бар мүгедек әйелдерге көмек және әлеуметтік қолдау жасауға, мейрімділік пен қамқорлық  көрсетуге бағытталған қамқорлық акциясына белсене атсалысуға шақырамыз.

Жалғыз басты қарттарға, аз қамтамасыз етілген азаматтарға ерекше көңіл бөлулеріңізді және материалдық көмек көрсетуге, кездесулер мен концерттер ұйымдастыруға, соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетуге мүмкіндік қарастыруыңызды сұраймыз.

Мейірімділік пен қайырымдылық көрсету халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі және оны құрметтеу – біздің парызымыз.

Алдын-ала алғысымызды білдіреміз және Сіздердің белсенді атсалысатындарыңызға сенімдіміз.

Көрсетілген қайырымдылық шаралары туралы «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не 63847, 50696 телефон арқылы немесе zanak@yandex.kz электрондық мекенжайына хабарлауыңызды сұраймыз.


2019-03-18 10:59:43

Сондай-ақ оқыңыз