Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 3,0 млн. теңгеге дейін мемлекеттік гранттар ұсыну

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 3,0 млн. теңгеге дейін мемлекеттік гранттар ұсыну

Конкурс ұйымдастырушысы: «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» ММ

Орналасқан жері: Павлодар қаласы; пошталық мекенжайы: Ленин көшесі, 61; электрондық поштаның мекенжайы: kense.dpp@pavlodar.gov.kz;

байланыс телефоны: (718-2) 65-30-69, 32-42-39

Конкурстың мәні: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарды (жеке бизнесту құруға арналған) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға беру.

Конкурстың формасы: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді берудің орны: Павлодар қаласы,  Ленин көшесі, 61, каб. 101 А.

Конкурстық құжаттаманы ұсынудың тәртібі: конкусқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша құжаттарды бектілген нысан бойынша немесе конкурстық құжаттаманың толық пакетін жеке, пошта арқылы немесе өзіннің уәкілді өкілі арқылы ұсынады. 

Құжаттаманы ұсынудың мерзімі: 2019 жылғы «13» наурыздан 2019 жылғы «29» наурызға дейін, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30-ға дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдер беруді бастаудың күні және уақыты: 2019 ж. «13» наурыздан 10.00 сағаттан бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдер беруді аяқтаудың күні және уақыты: 2019 ж. «29» наурызға 17.30 сағатқа дейін (жергілікті уақыт).

Мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарлама және конкурстық құжаттама туралы www.dkb2020.kz www.upt.pavlodar.gov.kz; www.damu.kz сайтынан білуге болады.

 


2019-02-26 17:25:18

Сондай-ақ оқыңыз