Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

баспасөз-релизі

Ақсу қаласы әкімдігінің

«Ақсу қаласында 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасына

баспасөз-релизі

Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, төлемақысының мөлшерін бекіту туралы бекіту, айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құнын айқындау болып табылады.

Қаулы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақсу қаласы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін айқындайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының саны - 29, тәрбиеленушілерді жалпы қамту - 3140. 29 ұйымның 12-і Ақсу қаласында және 17-сі ауылдық жерлерде орналасқан.

Ақсу қаласы әкімдігінің «Ақсу қаласында 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы бекіту» қаулысының жобасы                      2019 жылғы 14 қаңтарда Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған.

Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2057109

 


2019-01-17 10:17:04

Сондай-ақ оқыңыз