Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Путь Ильича ауылының атауын өзгертуді Ақсу қалалық өкілді және атқарушы органдарының қарауына енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 2-тармағына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі Путь Ильича ауылының атауын қайта атау мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастықтың қатысуымен 2018 жылғы 10 желтоқсандағы өткен жиынның хаттамасы негізінде Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылық округінің Путь Ильича ауылының атауын «Еңбек» болып өзгертілуі туралы ұсыныс Ақсу қаласының әкімдігі және мәслихатына енгiзілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Мәмәйіт Омаров атындағы

ауылдық округінің әкімі                                                       Б. Сукер

 

 

 

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі Путь Ильича ауылының атауын қайта атау мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастықтың қатысуымен өткен жиынның

 Хаттамасы

 

Путь Ильича ауылы

мәдени-бос уақыт орталығы                              2018 жылғы 10 желтоқсан

 

Жиын төрағасы – Болатхан Сукер, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі.

Жиын хатшысы – Л.Т. Каримова “Ақсу қаласының Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі Путь Ильича ауылының әлеуметтік қызметкері.

Жиынға қатысқандар – 338 адам.

Жиынға қатысқандар: Ақсу қалалық мәслихатының депутаты Галия Ногайшиновна Амирханова, халыққа қызмет көрсету орталығы Ақсу қаласының “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының маманы Гульжан Ямильевна Смайлова.

 

Күн тәртібі:

 

1. Путь Ильича ауылының атауын қайта атау мәселесі.

Баяндамашы: Болатхан Сукер Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі.

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысы                            Ә. Жақсыбековтің тапсырмасы келіп түсті (2017 жылғы 11 шілдедегі №17-32-18-388-9). Аталған тапсырмада бүкіл ел аумағында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар өзгертілуі тиісделінген. Сіздердің қарауыңызға ауылдың атауын қайта атау туралы мәселені ұсынып отырмыз:

Келесі сөз, Халыққа қызмет көрсету орталығы Ақсу қаласының “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының маманы Гульжан Ямильевна Смайлова:

Мемлекеттік қызмет “Путь Ильича ауылының атауын өзгерту” ақысыз түрінде көрсетіледі.

Яхита Аднановна Махмудова ауыл тұрғыны зейнеткер, Путь Ильича ауылының атауын өзгертуге қолдау көрсететіндігін айтты. Бірақ менде бір ұсыныс болады Путь Ильича ауылын “Еңбек” ауылы деп қойсақ ауыл тұрғындары қарсы болмайды деп ойлаймын.

Қорытынды жасау үшін ауылдық округ әкімі Болатхан Сукер Путь Ильича ауылының атауын “Еңбек” ауылы жөнінде дауыс беруге шақырды.

Дауыс беру қорытындысы:

“Қолдайды” – 338 адам;

“Қарсы” – жоқ;

“Қалыс қалғандар” – жоқ.

 

 

 

 

 

Дауыс беру қорытындысы бойынша Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Путь Ильича ауылын “Еңбек” ауылы деп қайта атау жөніндегі ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолдансын деген шешім қабылданды.

 

Жиын төрағасы,

ауылдық округ әкімі                                                      Б.Сукер                                       

 

Жиын хатшысы                                                             Л.Т. Каримова                                              

 

 

 

 

 


2018-12-21 17:34:49

Сондай-ақ оқыңыз