Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Еркін күрестен ҚР Құрметті жаттықтырушысы, спорттан ҚР Құрметті Қайраткері, Ақсу қаласында еркін күрестің негізін қалаушы және Ақсу қаласының Құрметті азаматы Мұхаметалинов Оразалы Хамитұлына арналған кіші жастағы жасөспірімдер арасында еркін күрестен қаланың ашық турнирі

2018 жылдың 12-14 қазаны аралығында Ақсу қаласының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында Еркін күрестен ҚР Құрметті жаттықтырушысы, спорттан ҚР Құрметті Қайраткері, Ақсу қаласында еркін күрестің негізін қалаушы және Ақсу қаласының Құрметті азаматы Мұхаметалинов Оразалы Хамитұлына арналған кіші жастағы жасөспірімдер арасында еркін күрестен қаланың ашық турнирі өтеді. 

Оған Павлодар облысының, ШҚО, Ақмола облысының барлық аудандарының, Астана қаласының, РФ қалаларының спортшылары келеді деп күтілуде.

Жарысқа 2004-2006 ж.т., дәрігер қол қойған ресми өтінімге енгізілген, жеке тұлғасын куәландыратын құжатпен спортшылар жіберіледі.

Салмақ санаттары 2004 - 2006 ж.т.: - 32, -35, -38, -41, -44, -48, -52, -57, -62, -68;-75,-85 кг.

Жарыстар әрекеттегі ережелер бойынша өткізіледі.

12 қазан – Қатысушылардың келу күні:

16:00-17:00 сағат – Төрешілердің және команда өкілдерінің кеңесі;

18:00-19:00 сағат – Барлық салмақ санаттарында өлшеу х.

13 қазан:

10:00-18:00 сағат – Жарыстардың басталуы;

13:00-14:30 сағат – Түскі ас;

15:00 сағат – Ресми ашылу;

15:30 сағат – Жарыстардың жалғасы.

14 қазан:

10:00 - 13:00 сағат – Жартылай финал, финал;

13:00 - 14.30 сағат - Марапаттау.

1, 2, 3 орындар алған қатысушылар Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінен грамоталармен және жүлделермен марапатталады. Демеушілердің қаражаты есебінен жеке жүлде қоры болуы мүмкін, олар бойынша марапаттау тәртібін демеушілер өздігінен анықтайды.

 


2018-10-08 15:48:56

Сондай-ақ оқыңыз