Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы күнін мерекелеу шеңберінде Футболдан қала кубогы өтеді

8-9 қыркүйекте Ақсу қаласының «Достық» стадионында Ақсу қаласының күнін мерекелеу шеңберінде Футболдан қала кубогы өтеді. Қатысуға өтінімдер төрешілер коллегиясының отырысына беріледі, коллегия 6 қыркүйек күні Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында (2 қабатта) сағат 18:30-да өтеді. Ойын басталуы сағат 10:00-де.

Жарысқа Ақсу қаласы және оның ауылды аймақтарының ФК командалары қатыса алады. Команда құрамында медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ ойыншылар болуы тиіс. Команда 15 қатысушыдан тұрады, олардың ішінде 10 алаң ойыншылары, 1 қақпашы, 4 қосалқы ойыншылар. Қатысушылардың жасы 18 және одан жоғары болуы тиіс. 


2018-09-05 09:13:27

Сондай-ақ оқыңыз