Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы мен ауыл тұрғындарының назарына!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-банк) Ақсу қаласы, Хиуаз Доспанов көшесі, 30 үй мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйде бос пәтерлерді алуға «Жергілікті атқарушы орган арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.

         Бос пәтерлердің саны - 10, оның:

         1 бөлмелі-6 пәтер;

         2 бөлмелі-4 пәтер;

         Өтініштер 2018 жылғы 22 тамыздан 3 қыркүйектегіне дейін қабылданады.

         Сіз толық ақпаратты алу үшін Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72 орналасқан «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не, телефон 8(71837) 64192, немесе Астана көшесі, 7-дегі «Астана» СҮ, 1 қабаттағы Ақсу қаласындағы Банктің филиалына, сондай-ақ hcsbk.kz ресми сайтқа жүгінуіңізге болады.


2018-08-25 15:46:03

Сондай-ақ оқыңыз