Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Құжаттарды автоматты қабылдау қызметі және білім беру ұйымдарының 1 сыныбына қабылдау

Құжаттарды автоматты қабылдау қызметі және білім беру ұйымдарының 1 сыныбына қабылдауды http://smartaksu.kz электрондық қызмет порталында алуға болады.

       Портал 24/7 тәртібінде жұмыс істейді, сондай-ақ онлайн тәртібінде мектепке өтініш беруге болады.

       Өтінішті рәсімдеу үшін http://smartaksu.kz сайтына кіріп қажетті ақпаратты және байланыс деректерін толтыру, тиісті құжаттардың сканнан өткізілген көшірмелерін қоса салу қажет. Қабылдау немесе бас тарту туралы хабарландыру жеке кабинетке және көрсетілген байланыс мекенжайына келеді (почта және телефон). Қызмет көрсетуден бас тарту толық емес құжаттар пакетін ұсыну немесе көрінбейтін скан-көшірмелерді беру жағдайында мүмкін.

       Берілген қабылдаудың электрондық жүйесі ата-аналардың жағдайы үшін әзірленген. Бұл кезде құжаттарды бұрынғыдай мектепке әкеле беруге де болады.

       Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда ата-аналар жақын маңдағы мектепке барып кеңесшіге жүгінуге және құжаттарын қағаз түрінде тапсыруға болады.


2018-08-20 18:19:36

Сондай-ақ оқыңыз